Артқа қайту

1. Мен жұмысқа ресми орналаспағанмын, жұмыс беруші мен үшін жарналарды төлеуге тиіс пе?

Жауап

Бейресми жұмыс істейтіндер – бұл еңбек шарты жасалмаған күйде жұмыс істейтін адам.
Бұл жағдайда еңбек қатынастары заң жүзінде ресімделмейді және жұмыс беруші заңнамада көзделген міндеттерді орындауға міндетті емес.

Сондықтан бұл қызметкер үшін жұмыс беруші тарапынан МӘМС-ке жарналар, сондай-ақ басқа да міндетті төлемдер жасалмайды.

Сақтандырылған мәртебесі болу үшін олар жарналарды өз бетінше, яғни дербес төлеуші ретінде төлеуі қажет.

2. Мен ешбір ресми рәсімсіз жұмыс істеймін, сақтандырылған мәртебесін қалай аламын?

Жауап

Егер сіз ресми түрде жұмыс істемесеңіз (яғни еңбек шарты жасалмаса), онда сіз үшін жұмыс беруші міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне жарна төлеуге міндетті емес.

Сақтандырылу үшін сіз МӘМС жарналарын дербес төлеуші ретінде өзіңіз төлеуіңіз қажет.
МӘМС жүйесінде медициналық қызметтерді алу құқығы соңғы 12 айға немесе алдағы 12 айға жарналар төленген кезде беріледі. 

2025 жылы дербес төлеушілер үшін жарна мөлшері — ай сайын 4250 теңге.

3. Мен ресми түрде жұмыс істемеймін. Дербес төлеуші ретінде сақтандырылу үшін жарналарды қалай төлей аламын?

Жауап

МӘМС жарналарын бірнеше тәсілмен төлеуге болады:

- екінші деңгейлі банктердің бөлімшелерінде;

- Қазпошта бөлімшелерінде;

- банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

- төлем терминалдары арқылы.

Төлем жасар кезде «Дербес төлеуші» санатын таңдап, өзіңіздің ЖСН-ді  және қажетті кезеңді таңдау қажет. Осы тұста назар аударатын жайт, әр айға жеке-жеке төлем жасау керек.