Артқа қайту

ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде денсаулық сақтау субъектілерінен медициналық қызметтерді сатып алу Сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау және олардың арасында медициналық қызметтер көлемін бөлу өңірлік комиссиямен жүзеге асырылады.

Медициналық қызметтерді сатып алу конкурсына денсаулық сақтау субъектілерінің есебін жүргізу қағидаларына сәйкес денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енгізілген ұйымдар қатысады.

Жоспарланған медициналық қызметтер көлеміне өтінім беру үшін өнім беруші сатып алу веб-порталында тіркелуі, кейін «Хабарландыруларды қарау» бөлімінде қызмет көрсетілетін өңірді таңдауы, содан кейін «Қолжетімді әрекеттер» бөлімінде жүйенің нұсқаулықтарына сәйкес өтінім құруы қажет.


Өтінім беру