Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

1. Жыл ішінде қосымша көлемдерді орналастыру.

Жауап

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-242/2020 бұйрығымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінен көрсетілетін қызметтерді сатып алу қағидаларының 41-тармағына сәйкес жеткізушілер арасында қаражатты қосымша бөлу мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
1) орналастырылмаған көрсетілетін қызметтер көлемдерінің болуы;
2) босап қалған көрсетілетін қызметтер көлемдерінің болуы;
3) ағымдағы қаржы жылында медициналық қызметтерді сатып алу жоспарының өзгеруі.
Қосымша көлемдер мен қаражатқа қажеттілік туындаған жағдайда денсаулық сақтау субъектілері жоспарланған көрсетілетін қызметтер көлемдеріне өтінім беруге құқылы.
Денсаулық сақтау субъектілерін таңдау рәсімін өткізу туралы хабарландырулар Qalqan орталықтандырылған сервисінде (ЦС Qalqan) жарияланады.

2. Медициналық қызметтердің сапасын мониторингтеу және сараптау мәселелері: медициналық ұйымдардың мониторинг пен сараптама нәтижелері бойынша қолданылған ақаулармен, оның ішінде ЕСОМП жүйесінде тіркелген ақаулармен келіспеуі және қарсылық білдіру тәртібі.

Жауап

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 24 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-321/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық қызметтерді сатып алу шарты талаптарының орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес медициналық ұйымдардың қарсылықтары белгіленген тәртіппен қаралады.

Қағидалардың 26–31-тармақтарына сәйкес, анықталған ықтимал ақаулармен келіспеген жағдайда медициналық ұйым негізделген қарсылық жолдауға құқылы. Аталған қарсылықты Қор филиалының қызметкері қарап, ақауды растау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Қағидалардың 32–34-тармақтарына сәйкес, бастапқы қарау нәтижелерімен келіспеген жағдайда медициналық ұйым қайталама қарсылық жолдауға құқылы. Қайталама қарсылықты Қор филиалының дауды туындатқан өңірден тыс жерде жұмыс істейтін басқа қызметкері қарайды. Қайталама қарау нәтижелері бойынша ақауды растау немесе қабылдамау туралы дәлелді шешім қабылданады.

Осылайша, қарсылықтарды қарау және анықталған ақаулар бойынша шешім қабылдау Қағидаларда көзделген рәсімдер шеңберінде жүзеге асырылады. Сарапшылар қабылдаған шешімдерге Қағидаларда белгіленген тәртіптен тыс өзгерістер енгізілмейді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінің 8-бабының 21) тармақшасына, 35-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, сондай-ақ Қағидалардың 60-тармағына сәйкес, мониторинг нәтижелерімен келіспеген жағдайда медициналық ұйым оларды медициналық қызметтерді (көмекті) көрсету саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға шағымдануға құқылы екенін хабарлаймыз.