Артқа қайту

ТМККК және МӘМС деген не?

ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі) – МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан барлық азаматтарға қолжетімді, мемлекет кепілдік берген медициналық көмек пакеті. Жедел және шұғыл медициналық көмекті, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті, айналасындағыларға қауіп төндіретін әлеуметтік маңызы бар, инфекциялық және басқа да ауруларды диагностикалауды және емдеуді, профилактикалық тексерулер мен скринингтерді, жекелеген аурулар бойынша медициналық оңалтуды, паллиативтік көмекті, сондай-ақ заңнамада көзделген жағдайларда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қамтиды.


МӘМС (міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру) – ТМККК-дан тыс медициналық көмектің кеңейтілген көлеміне қол жеткізуді қамтамасыз ететін жүйе. МӘМС пакетіне бейінді мамандардың консультациялары, диагностикалық зерттеулер, созылмалы аурулар кезіндегі динамикалық байқау, мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек, жоспарлы стационарлық емдеу, медициналық оңалту, азаматтардың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек және белгіленген тізбелер бойынша дәрілік қамтамасыз ету кіреді.