Артқа қайту
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ТМККК және МӘМС шеңберінде көрсетілетін медициналық көмекті нақты ажыратуды көздейтін медициналық көмектің бірыңғай пакетін кезең-кезеңімен енгізу басталды.

Негізгі өзгерістердің бірі МӘМС жүйесіндегі мәртебесіне қарамастан ТМККК шеңберінде қолжетімді медициналық көмек көлемін кеңейту болды.

Атап айтқанда, ТМККК пакетіне:

  • онкологиялық ауруларды ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер;
  • артериялық гипертензияны, жүректің ишемиялық ауруын, глаукоманы, қант диабетін, В және С вирустық гепатиттерін ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер;
Бұрын аталған қызметтердің бір бөлігі МӘМС жүйесінде "медициналық қызметтерді тұтынушы" (сақтандырылған) мәртебесі бар адамдарға ғана ұсынылды. Енді әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте диагностикалау және скринингтік зерттеулер ТМККК шеңберінде қол жетімді болды.
Медициналық көмектің бірыңғай пакетін енгізу медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға, аурулардың алдын алу мен ерте анықтауды дамытуға, сондай-ақ ТМККК және МӘМС пакеттері арасында медициналық қызметтердің қайталануын болдырмауға бағытталған.