Артқа қайту
МӘМС "медициналық қызметтерді тұтынушы" (сақтандырылған) мәртебесі бар адамдарға медициналық қызметтердің кең спектрін ұсынады, соның ішінде:

  • амбулаториялық жағдайда мамандандырылған медициналық көмек;
  • профилактикалық медициналық тексерулер;
  • бейінді мамандардың қабылдаулары мен консультациялары;
  • созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық бақылау;
  • халықтың жекелеген санаттарына стоматологиялық көмек көрсету (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 қыркүйектегі № ҚР ДСМ-106/2020 бұйрығы);
  • диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
  • процедуралар мен манипуляциялар;
  • тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер;
  • стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек;
  • стационарлық жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, медициналық көмек;
  • медициналық оңалту;
  • заңнамада көзделген жағдайларда дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен және иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету.

Имя (КК):

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекке мыналар кіреді:

1. Амбулаториялық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек (ТМККК шеңберінде аурулардың алдын алу, диагностикалау және скринингтік зерттеулер жағдайларын қоспағанда), оның ішінде:

профилактикалық медициналық тексерулер;
бейінді мамандардың қабылдауы мен консультациялары, сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйде мобильді бригаданың қызметтері;
бейінді мамандардың созылмалы аурулары бар адамдарды динамикалық байқауы;
халықтың жекелеген санаттарына шұғыл және жоспарлы түрде стоматологиялық көмек көрсету;
диагностикалық қызметтер, оның ішінде зертханалық диагностика;
процедуралар мен манипуляциялар;
тұқым қуалайтын туа біткен ақаулар мен даму ауытқуларын ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулер.

2. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарды алмастыратын жағдайларда медициналық көмек (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ елдегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына әкелетін аурулар кезінде және оларға күдік туындаған жағдайларда үйдегі стационар қызметтері.

3. Мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық, стационарлық жағдайларда медициналық көмек:

ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, бет қаңқасы мен басының туа біткен анатомиялық ақаулары бар балаларға реконструктивтік, пластикалық хирургиялық операцияларды қоса алғанда, жоспарлы нысанда;
шұғыл нысанда, оның ішінде ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда, тәулік бойы стационар жағдайында емдеуді қажет етпейтін диагноз анықталғанға дейін тәулік бойы стационардың қабылдау бөлімшесінде емдеу-диагностикалық іс-шараларды жүргізу.

4. Уәкілетті орган айқындайтын аурулар тізбесі бойынша медициналық оңалту (ТМККК шеңберінде ауруларды емдеу жағдайларын қоспағанда).

5. Амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмек көрсету кезіндегі патологиялық-анатомиялық диагностика.

6. Өлгеннен кейінгі донорды ағзаларды (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) алып қоюға дайындау, ағзаларды (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін) транспланттау мақсатында ағзаларды (органның бір бөлігін) және (немесе) тіндерді (тіннің бір бөлігін)алып қою, консервациялау, дайындау, сақтау, тасымалдау.

7. Көрсету кезінде дәрілік заттармен, медициналық бұйымдармен, мамандандырылған емдік өнімдермен, иммунобиологиялық препараттармен қамтамасыз ету:

Денсаулық сақтау ұйымдарының дәрілік формулярларына сәйкес стационарлық және стационарды алмастыратын жағдайларда мамандандырылған, оның ішінде жоғары технологиялық медициналық көмек;
белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарына арналған дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар тізбесіне сәйкес амбулаториялық жағдайларда алғашқы медициналық-санитариялық және мамандандырылған медициналық көмек көрсету.