Артқа қайту

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне үнемі мониторинг жүргізеді.

Мониторинг мынадай процесс бойынша жүргізіледі: барлық медициналық мекемелер денсаулық сақтау министрлігі мен Қор жүйелерімен интеграцияланған өздерінің ақпараттық жүйелеріне (МАЖ) халыққа көрсетілген медициналық қызметтер туралы деректерді енгізеді. Бұл жүйелерде медициналық қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды анықтаудың автоматтандырылған процесі жүзеге асырылды.

Көрсетілген барлық медициналық қызметтердің үштен біріне жуығы сараптамадан өтеді, оның барысында Қор мамандары пациенттерге көрсетілген көмектің толықтығын, уақтылығы мен сапасын талдайды және бағалайды.

Сапа мониторингі ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен мониторинг жүргізу қағидалары бойынша жүргізіледі.