Артқа қайту

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарға ТМККК және МӘМС медициналық қызметтері үшін ақы төлейді, олар үшін төлем тәртібі төлем қағидаларымен бекітілген.

Медициналық ұйымдар төлемді әлеуметтік медициналық сақтандыру қорымен жасалған шарттарда көзделген көлемде және талаптарда алады.

Медициналық қызметтерді сатып алу шартында аванс беру, медициналық қызмет көлемін ай сайын бөлу және тағы басқалар сияқты негізгі ережелер қарастырылған.

Сапасы мен көлемін міндетті түрде тексергеннен кейін көрсетілген медициналық қызметтер денсаулық сақтау субъектілері ұсынатын көрсетілген қызметтер актілерінің негізінде бекітілген тарифтер бойынша төленеді.