Артқа қайту
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өз қызметін ашық және айқын түрде жүзеге асырады. Қордың қызметіне жыл сайын тәуелсіз аудит жүргізіледі, оның нәтижелері Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржылық есептіліктің депозитарийінде орналастырылады. Әр жылдың қорытындысы бойынша Қордың барлық шығыс түрлерін, медициналық көмекті қаржыландыру көлемін және есепті кезеңдегі денсаулық сақтау жүйесінің негізгі жетістіктерін егжей-тегжейлі сипаттайтын жылдық есеп бекітіледі. Бұдан басқа, 2025 жылғы шілде айында заңға өзгерістер енгізілді, оған сәйкес Қор енді тоқсан сайын түсімдер мен аударымдар сомалары, медициналық ұйымдарға төлемдер және Қордың ұстауға арналған шығыстары туралы есептілікті ұсынуға міндетті. Барлық есептер Қордың ресми сайтында орналастырылады, осылайша кез келген азамат Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) қаражатының қалай жұмсалып жатқанын көре алады. Осы бөлімде сіз Қордың әртүрлі есептілік түрлерімен таныса аласыз.