Артқа қайту

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқару органы – Директорлар кеңесі. Ол Қордың қызметіне жалпы басшылық жасап, өз құзыреті шегінде Басқарманың қызметіне бақылау жүргізеді. Директорлар кеңесі Қор қызметінің стратегиялық бағыттары мен даму жоспарына қатысты шешімдер қабылдайды, сондай-ақ ішкі бақылау мен тәуекелдерді басқару саласында қолданылып отырған тетіктердің тиімділігін талдау және қайта қарау жұмыстарын жүргізеді.

Директорлар кеңесінің мүшелері Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен келісу арқылы Қордың жалғыз акционерімен ашық әрі айқын рәсімдер негізінде сайланады. Таңдау кезінде үміткерлердің құзыреттілігі, кәсіби дағдылары, жетістіктері, іскерлік беделі мен тәжірибесі ескеріледі.

Директорлар кеңесі мемлекеттік басқару, медицина және қаржы салаларында тәжірибесі бар, медициналық сақтандыру мен корпоративтік басқару бағытында халықаралық тәжірибеге ие кәсіби мамандардан тұрады.


Директорлар кеңесінің комитеттері туралы қағида.pdf
155.70Кб