Артқа қайту

Күлжанов Мақсұт Кәрімұлы

Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор

10.08.1948

Туған күні

Қазақстан Республикасы

Азаматтығы

05.03.2026 ж. (Жалғыз акционердің 05.03.2026 ж. №160 шешімі)

Директорлар кеңесіне сайланған күні

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары

  • Қарағанды медициналық институты (1972) – дәрігер-емдеуші

  • Орталық дипломнан кейінгі білім беру институты, Мәскеу, Ресей (1986)

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

  • Медицина ғылымдарының докторы, диссертация тақырыбы: «Өтпелі кезеңдегі денсаулық сақтау саласын реформалау мәселелерін негіздеу» (1993);

  • Қоғамдық денсаулық сақтау профессоры (1995);

  • Virginia Commonwealth University (АҚШ) профессоры (2004);

  • Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің профессоры (2014 жылдан бастап)

Еңбек қызметі

  • Республикалық клиникалық аурухананың дәрігері (1972–1973);

  • ҚазҒЗИ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар институтының кіші ғылыми қызметкері (1973–1975);

  • ҚазҒЗИ аймақтық патология институтының аспиранты (1975–1978);

  • ҚазҒЗИ кардиология институтының ғылыми қызметкері, ҚазҒЗИ гигиена және кәсіптік аурулар институтының кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкері (1978–1987);

  • Республикалық денсаулықты қорғау орталығы бас директорының орынбасары (1987–1990);

  • ҚазҒЗИ гигиена және кәсіптік аурулар институты зертханасының меңгерушісі (1990–1992);

  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары (1992–1997);

  • Қазақстан қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ректоры (1997–2011);

  • ҚР ДСМ «Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы» ШЖҚ РМК бас директоры, бас директордың орынбасары (2011–2013);

  • «Республикалық медициналық палата» қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы (2013 жылдан бастап).

Өзге де лауазымдары:

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) Атқару комитетінің мүшесі (2000–2004; 2015 жылдан бастап);

  • Қоғамдық денсаулық сақтау жөніндегі Азия-Тынық мұхиты академиялық консорциумының толық мүшесі (2002 жылдан бастап);

  • ДДҰ тұрақты комитетінің мүшесі (1994–1996);

  • COHRED басқарма мүшесі (2002 жылдан бастап);

  • ASPHER және APAC PH Директорлар кеңесінің мүшесі (2002 жылдан бастап);

  • Қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының ұлттық қауымдастығының президенті (2002 жылдан бастап);

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық денсаулық сақтау палатасының президенті (2012 жылдан бастап);

  • «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директоры (2020 жылдан бастап);

  • Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі (2022 жылдан бастап).

Ғылыми, әдеби еңбектері, жарияланымдары:

  • «Нарық жағдайында қаржыландыру және медициналық сақтандыру» (1992),
  • «Әлем денсаулық сақтау жүйесі. Қазақстан үшін тәжірибе» (1995),
  • «Қазақстан денсаулық сақтау саласының кадрлық саясатының стратегиясы» (1995),
  • «Қазақстандағы медициналық сақтандыру» (1995),
  • «Health in Transition in Kazakhstan» (1999) кітаптарының авторы, 
  • 160-тан астам ғылыми жарияланымның авторы.