Артқа қайту

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2026 – 2030 жылдарға арналған даму стратегиясы

Әр адамға қамқорлықпен

Миссия

Медициналық көмекті ашық, негізделген және тиімді қаржыландыру арқылы денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың тұрақтылығын қамтамасыз ету және азаматтардың мүдделерін қорғау.

Қордың көрінісі

2030 жылға қарай Қор – ТМККК мен МӘМС қаражатының ашықтығын, қадағаланушылығын және нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ететін денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды басқарудың зияткерлік қаржы институты және цифрлық орталығы

Қордың құндылықтары

Әділдік
Ортақтастық
Бірлік
Сенімділік
Қамқорлық

Стратегиялық мақсаттар

1-мақсат

МӘМС жүйесі міндеттемелерінің қаржылық тұрақтылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз ету

2-мақсат

Нәтижеге бағдарланған медициналық көмекті тиімді сатып алу жүйесін қалыптастыру

3-мақсат

Медициналық көмекті бақылау мен оған ақы төлеудің бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыру

4-мақсат

Қаражаттың нысаналы пайдаланылуын қамтамасыз ету және қаржылық бұзушылықтардың алдын алу

5-мақсат

МӘМС жүйесіне деген сенімді арттыру