Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

5-мақсат. МӘМС жүйесіне деген сенімді арттыру

Тапсырмалар

  1. Қор қызметінің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету
  2. МӘМС жүйесінде кері байланыс пен азаматтардың құқықтарын қорғау жүйесін дамыту
  3. Корпоративтік басқаруды дамыту және тиімді адами капиталды қалыптастыру

Негізгі шаралар

  • Басқару органдарының рөлдері мен жауапкершілігін нақты ажырату, стратегиялық бақылау мен тәуекелдерді басқаруды күшейту арқылы корпоративтік басқаруды жетілдіру
  • Ішкі бақылау және тәуекелдерді басқару жүйесін медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу және төлеу процестеріне интеграциялау
  • Кадрлық әлеуетті дамыту және кәсіби, жауапты әрі нәтижеге бағдарланған команданы қалыптастыру
  • Персоналды басқару жүйесінде ашықтық, меритократия және қызметкерлердің қосқан үлесін әділ бағалау қағидаттарын енгізу
  • Қызметкерлердің құзыреттері, оқытуы, тартылуы және нәтижелілігі туралы деректер негізінде HR-аналитиканы дамыту және кадрлық процестерді цифрландыру
  • Кадр резервін қалыптастыру, ішкі мобильділікті, тәлімгерлікті және стратегиялық маңызды құзыреттер бойынша оқытуды дамыту
  • Адалдық, есептілік, кәсібилік және бұзушылықтарға нөлдік төзімділік қағидаттарына негізделген корпоративтік мәдениетті қалыптастыру
  • Кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру және Қор қызметінің ашықтығын арттыру
  • Азаматтардың өтініштерін жүйенің қызметін жетілдіру құралы ретінде пайдалана отырып, сервистік модельді және пациенттердің құқықтарын қорғау тетіктерін дамыту
  • Негізгі бағыттар бойынша нәтижелерді тұрақты түрде жариялау және қоғам мен сарапшылар қауымдастығымен өзара іс-қимыл жасау арқылы Қор қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету

Күтілетін нәтиже

  • корпоративтік басқару жүйесінің басқарушылық кемелдігі мен тиімділігі арттырылады, басқару органдарының есептілігі қамтамасыз етіледі және тәуекелдерді басқару шешім қабылдау процестеріне толық енгізіледі
  • стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін кәсіби әрі тартылған команда қалыптастырылады, ынталандыру жүйесі мен кадрлық процестердің тиімділігі артады
  • Қор қызметінің ашықтығы және қабылданатын шешімдердің болжамдылығы күшейтіледі 
  • пациенттердің құқықтарын қорғау тетіктері мен кері байланыстың сапасы жетілдіріледі 
  • азаматтар мен жүйе қатысушыларының МӘМС жүйесіне деген сенімі нығайтылады