Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

1-мақсат. МӘМС жүйесі міндеттемелерінің қаржылық тұрақтылығы мен теңгерімділігін қамтамасыз ету

Тапсырмалар

  1. ТМККК мен МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығын ұзақ мерзімді актуарлық және макроэкономикалық болжауды дамыту 
  2. Жүйе міндеттемелерінің қамтамасыз етілуін және медициналық көмектің болжамды көлемін ескере отырып қаржыландыруды жоспарлауға көшу

Негізгі шаралар

  • Актуарлық есептеулер мен макроэкономикалық модельдеуге негізделген міндеттемелерді басқару моделін қалыптастыру
  • Медициналық көмекті нақты тұтынуды ескере отырып, қаржыландырудың есептік тәсілін енгізу
  • Қаржылық тәуекелдерді ерте анықтау және басқару жүйесін енгізу
  • Қаржылық резервті қалыптастыру және жүйенің активтерін жинақтау

Күтілетін нәтиже

  • ТМККК және МӘМС жүйесінің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығы қамтамасыз етіледі
  •  қаржыландыру жөніндегі шешімдер міндеттемелердің қаржылық қамтамасыз етілуін есептік бағалау негізінде қабылданады
  • құрылымдық тапшылықтың, кассалық алшақтықтардың және жүйе тұрақсыздығының тәуекелі төмендетіледі
  • жүйенің нақты қаржылық мүмкіндіктері шеңберінде қаржы ресурстарын бөлудің болжамды моделі қалыптастырылады
  • медициналық көмекті тұтынудың ұзақ мерзімді өсуіне, оның ішінде егде жастағы халық топтары тарапынан түсетін жүктемеге жүйенің дайындығы қамтамасыз етіледі