Артқа қайту

Ішкі аудит қызметінің миссиясы – Қордың құнын сақтау және арттыру болып табылады. Бұл мақсатқа тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде объективті ішкі аудит тексерістерін жүргізу, ұсынымдар беру және білім алмасу арқылы қол жеткізіледі.

Қордың ішкі аудит қызметі (бұдан әрі – ІАҚ) – Қордың қаржы-шаруашылық қызметіне бақылау жүргізетін, ішкі бақылау, тәуекелдерді басқару, корпоративтік басқару құжаттарының орындалуын бағалау және Қор қызметін жетілдіру мақсатында кеңес беру функцияларын орындайтын орган болып табылады.

ІАҚ өз қызметін жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын, Жарғыны, Корпоративтік басқару кодексін, ІАҚ туралы ережені, Қордағы ішкі аудитті жүргізу қағидаларын және ұйымның өзге де ішкі құжаттарын басшылыққа алады.
Сонымен қатар, ІАҚ қызметі Ішкі аудиторлардың халықаралық институты әзірлеген ішкі аудиттің халықаралық кәсіби стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) негізделеді.

2021–2024 жылдар аралығындағы ІАҚ қызметіне жүргізілген тәуелсіз сыртқы бағалау нәтижелері бойынша («КПМГ Такс энд Эдвайзори» ЖШС жүргізген), Қордың ІАҚ қызметінің Стандарттарға сәйкестігі 85% деңгейінде екені расталды. Бұл көрсеткіш Орталық Азия өңірі бойынша орташа мәннен (73%) жоғары.


Кушербаева Айгерим Муратовна

Ішкі аудит қызметінің басшысы

a.kusherbayeva@fms.kz

Электрондық пошта

Ішкі аудит қызметінің басшысы Қордың Директорлар кеңесімен тағайындалады және тек осы органға бағынады.

Ішкі аудит қызметі басшысының негізгі міндеті – тәуекелге бағытталған тәсіл негізінде объективті ішкі аудит тексерістерін қамтамасыз ету болып табылады.