Артқа қайту
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерімен айналысатын антикоррупциялық комплаенс-менеджер қызметі жұмыс істейді.
Оның негізгі функцияларына квазимемлекеттік сектор субъектілері мен олардың қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың сақталуын қамтамасыз ету кіреді.
Комплаенс-менеджер Директорлар кеңесіне есеп береді және өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз болып табылады.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелеріне ерекше назар аударады және өз қызметінде оның кез келген түріне мүлдем төзбеушілік танытады.
Қор саясаты сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтардың алдын алуға, анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасы мен халықаралық стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Узденбаева Меруерт Жусуповна

Комплаенс-менеджер

8 (7172) 67 42 54

Телефон

hotline@fms.kz

Электрондық пошта

010000, РК, г. Астана, ул. Достык, 13/3

Пошталық мекенжайы

Сыбайлас жемқорлық немесе алаяқтықтың ықтимал немесе белгілі жағдайлары туралы ақпаратты Қордың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комплаенс-офицеріне өзіңізге ыңғайлы байланыс арналары арқылы хабарлай аласыз.