Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

3-мақсат. Медициналық көмекті бақылау мен оған ақы төлеудің бірыңғай цифрлық жүйесін қалыптастыру

Тапсырмалар

  1. Қызмет көрсетілген сәттен бастап төлем жүргізілгенге дейінгі толық қадағаланушылықты қамтамасыз ететін медициналық көмекті қаржыландырудың бірыңғай цифрлық архитектурасын құру
  2. Қаржылық басқарудың орталықтандырылған моделін қалыптастыру.

Негізгі шаралар

  • «Qalqan» цифрлық контурын дамытуды қоса алғанда, медициналық көмекті қаржыландырудың платформалық негіздегі бірыңғай цифрлық архитектурасын қалыптастыру
  • Медициналық көмекті жоспарлау, шарт жасасу, верификациялау, мониторингтеу және төлеу процестерінің бірыңғай цифрлық қадағаланымдылығын енгізу
  • Медициналық көмектің көрсетілген фактісін, оның ішінде пациенттің растауын қамтитын цифрлық верификациялау тетігін енгізу
  • Пациент деңгейінде шығыстарды дербестендіру және медициналық ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды стандарттау негізінде шығындарды есепке алудың бірыңғай моделін қалыптастыру
  • Өнім берушілердің шарттық міндеттемелерді орындауын мониторингтеуді жетілдіру және оның нәтижелерін сатып алу көлемдері мен бақылау жүктемесін түзету үшін пайдалану
  • Верификацияланған деректер мен тәуекелдерді бағалау негізінде процестерді автоматтандыру және алгоритмдік қағидаларды енгізу арқылы қолмен қабылданатын шешімдердің үлесін азайту
  • Өңірлік филиалдардың өнім берушілермен және пациенттермен өзара іс-қимылындағы сервистік функциясын күшейту

Күтілетін нәтиже

  •  медициналық қызмет көрсетілген сәттен бастап төлем жүргізілгенге дейінгі қаржылық шешімдер мен қаражат қозғалысының толық қадағаланушылығы қамтамасыз етіледі
  • нақты көрсетілген медициналық көмек туралы деректердің анықтығы мен расталу деңгейі артады
  • медициналық қызметтер мен пациентке жұмсалған шығындарды дербестендірілген есепке алу жүйесі енгізіледі
  • қаржылық шешімдердің салыстырмалылығы мен ашықтығы қамтамасыз етіледі
  • медициналық көмекке ақы төлеу кезінде қолмен орындалатын операциялар мен субъективті шешімдердің үлесі азайтылады
  • Қордың қаржылық басқаруының орталықтандырылған әрі басқарылатын моделі қамтамасыз етіледі
  • деректер мен талдамалық ақпаратқа негізделген шешім қабылдаудың бірыңғай цифрлық ортасы қалыптастырылады