Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

Такиев Мәди Төкешұлы

Қазақстан Республикасының Қаржы Министрі

01.04.1978

Туған күні

Қазақстан Республикасы

Азаматтығы

14.09.2026 ж. (Жалғыз акционердің 14.09.2026 ж. №619шешімі)

Директорлар кеңесіне сайланған күні

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары

  • Білімі жоғары, 1998 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша бітірген.

  • 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің Іскерлік әкімшілендіру магистрі дипломын алған.

  • 2005 жылы Д. Қонаев атындағы гуманитарлық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек қызметі

  • Еңбек жолын 1998 жылы ҚР Ғылым министрлігі – Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтында бас есепшісі болып бастаған.

  • 2000-2008 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық комитетінің инспекторы, жетекші, бас салық инспекторы, ШКС жұмыс, аудит жөніндегі бөлімдердің басшысы.

  • 2008-2009 жылдары – Алматы облысы бойынша Салық департаментінің Акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

  • 2009-2012 жылдары – Алматы қаласы бойынша Салық департаменті басшысының орынбасары.

  • 2012-2013 жылдары – ҚР ҚМ Салық комитетінің Басқарма басшысы.

  • 2013-2014 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Салық және кеден саясаты департаментінің директоры.

  • 2014 жылы – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-экономикалық бөлімінің бас консультанты.

  • 2014-2017 жылдары – Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы.

  • 2017-2019 жылдары – ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Салықтық бақылау департаментінің директоры.

  • 2019-2020 жылдары – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

  • 2020-2023 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі.

  • 2023 жылғы наурыз - 2024 жылғы 6 ақпан аралығында – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

  • 2024 жылғы 6 ақпаннан бастап - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі.

Басқа лауазымдар:

  • Еропалық Қайта Құру және Даму Банкі Басқарушылар Кеңесінде Қазақстан Республикасынан Басқарушы және Еуразиялық даму банкінің Кеңесінде Қазақстан Республикасының Уәкілетті өкілінің орынбасары болып табылады

Мемлекеттік наградалары:

  • «Ерен еңбегі үшін»;
  • «Құрмет» ордені,
  • мерейтойлық медальдармен және ведомстволық наградалармен марапатталған.