Артқа қайту
Қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі халықты МӘМС жүйесімен қамту болып табылады. Талдау көрсеткендей, 3,2 миллион сақтандырылмаған 1 миллионға жуық азамат дағдарыстық (D) және төтенше (E) әл-ауқат деңгейлеріне жатады. Олардың тіпті негізгі қажеттіліктерді, соның ішінде сақтандыру төлемдерін жабатын жұмысы мен кірісі жоқ.
Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларға тарту мәселелері жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне жатады. Осы себепті, Д және Е санаттарындағы адамдарды да жеңілдіктерге қосу керек деген шешім қабылданды, бірақ олар үшін жарналарды өңірлік әкімдіктер төлейтін болады.
Бұл норма МӘМС туралы заңға 2025 жылғы шілдеде қабылданған өзгерістер шеңберінде бекітілді. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап D және E санаттарына жататын барлық азаматтар сақтандырылады және МӘМС пакетіне кіретін медициналық қызметтерге жүгіне алады. Олар үшін (осы медициналық қызметтерді алғандар үшін) жарналарды әкімдіктер фактіден кейін төлейтін болады.
Бұдан басқа, жергілікті атқарушы органдардың жұмыссыздық деңгейін төмендету және халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін тікелей жауапкершілігін ескере отырып, ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын төлеуге арналған шығыстар да жергілікті бюджеттерге жүктелген.