Артқа қайту

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 6 қарашадағы № ҚР ДСМ-186/2020 «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 11-тармағына сәйкес денсаулық сақтау басқармалары жыл сайын ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін алдағы жылға арналған денсаулық сақтау субъектілерінің төсек қорын, оның ішінде ТМККК және (немесе) МӘМС жүйесі шеңберіндегі стационарлық және (немесе) стационарды алмастыратын жағдайларда төсек бейіндері бөлінісіндегі төсек қорын айқындау туралы бұйрық шығарады.

Төсек қоры туралы бұйрық Қорға және цифрлық денсаулық сақтау субъектісіне жолданады, сондай-ақ Қордың және денсаулық сақтау басқармаларының интернет-ресурстарында орналастырылады.