Артқа қайту

Қолжетімділік-азаматтарға ТМККК шеңберінде, сондай-ақ "медициналық қызметтерді тұтынушы" (сақтандырылған) мәртебесі бар адамдар үшін МӘМС жүйесінде медициналық көмекке тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Ортақ жауапкершілік - МӘМС жүйесін қаржыландыру мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың аударымдары мен жарналары есебінен жүзеге асырылады.

Әлеуметтік бағдарлану-мемлекет МӘМС жүйесінде медициналық көмекке қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, халықтың жеңілдетілген санаттары үшін жарналар төлейді.

Қор қызметінің жариялылығы - Қор Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен МӘМС қаражатының түсуі мен жұмсалуы туралы ақпаратты орналастыруды қоса алғанда, өз қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді.