Артқа қайту

1. Жеке кәсіпкерлер МӘМС үшін қанша төлейді?

Жауап

Жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар* және шаруа қожалықтарының (ШҚ) иелері МӘМС-ке 1,4 ЕТЖ-дан 5% мөлшерінде жарна төлейді, бұл 2026 жылы 5950 теңге. Жарна мөлшері белгіленген және ағымдағы айдағы табыс деңгейіне байланысты емес. Сақтандырылған тұлға мәртебесін жоғалтпау үшін МӘМС жарналарын ай сайын төлеу қажет. Төлем тағайындау коды (ТТК) – 122.

2. Жұмыс беруші ретінде ЖК МӘМС-ке қалай төлейді?

Жауап

Егер жеке кәсіпкердің (ЖК) жалдамалы қызметкерлері болса, олар үшін ай сайын төмендегідей төлемдер төленуі тиіс: МӘМС бойынша аударымдар Мөлшерлемесі – қызметкердің табысының 3%-ы. Жұмыс берушінің қаражаты есебінен төленеді және қызметкердің жалақысынан ұсталмайды. 2026 жылы ең жоғары мөлшері – 102 000 теңге (40 ЕТЖ-ның 3%-ы). Төлем мақсатының коды (ТМК) – 121. МӘМС бойынша жарналар Мөлшерлемесі – қызметкердің табысының 2%-ы. Қызметкердің жалақысынан ұсталады. 2026 жылы ең жоғары мөлшері – 34 000 теңге (20 ЕТЖ-ның 2%-ы). Төлем мақсатының коды (ТМК) – 122.

3. Жеке кәсіпкер, сонымен бірге жалдамалы қызметкер болып істейтіндер МӘМС жарналарын төлей ме?

Жауап

2020 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке кәсіпкерлердің қаржылық жүктемесін жеңілдету мақсатында төлейтін МӘМС жарналары тұрақты түрде – 1,4 АЕК-тің 5%-ы мөлшерінде белгіленді.

Сондай-ақ, егер адам жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса, жұмысқа жалданған жағдайда да өзіне тиесілі жарналарды төлеуге міндетті.

Жеке кәсіпкер МӘМС жарналарын тек екі жағдайда төлемеуге құқылы:
- Ресми түрде қызметін тоқтатқанда;
- Белсенді емес деп танылған жағдайда.

4. Егер жеке кәсіпкердің мүгедектігі болса, ол МӘМС жарналарын төлеуге міндетті ме?

Жауап

Жоқ, себебі ол жеңілдік санатындағы тұлғалар сапында. Сондай-ақ, жеке кәсіпкер келесі категорияларға кірсе жарна төлемейді: 

- 18 жасқа дейінгі балалар;

- Зейнеткерлер, соның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;

- «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгісіне ие көпбалалы аналар, «Батыр ана» атағы бар, I және II дәрежелі «Ана даңқы»  орденінің иегерлері;

- Мүгедектігі бар тұлғалар;

- Мектептерде, лицейлерде, колледждерде, университеттерде және магистратурада күндізгі оқуда оқитын тұлғалар.

5. Азамат жеке кәсібін жауып тастады. Енді ол МӘМС жарналарын төлеу керек пе?

Жауап

Біздің елде медициналық сақтандыру міндетті болып табылады, сондықтан әрбір азамат жүйеге қатысып, өз денсаулығына қамқорлық жасау үшін белгіленген мөлшердегі жарналарды төлеуі керек.

Егер адам жеке кәсібін жауып тастаса, ол әлі де дербес төлеуші ретінде жарналарды төлеуге міндетті. Бұл санаттағы азаматтар үшін жарнаның минималды мөлшері – 1 айлық есептік көрсеткіштің 5%-ы болып белгіленген.

Ал жарналарды төлеу мүмкіндігі болмаса, қолдау шаралары қарастырылған: мемлекет 14 жеңілдік санатына кіретін азаматтардың жарналарын төлейді, сондай-ақ жұмыспен қамту бағдарламалары мен басқа әлеуметтік шаралар көмек көрсетеді.

Жалдамалы қызметкер ретінде жарналар мен аударымдар төленсе, ол дербес төлеуші ретінде қосымша төлем жасауға міндетті емес.