Артқа қайту

1. Студенттердің барлығы мемлекет есебінен сақтандырыла ма?

Жауап

Жоқ, МӘМС жүйесінде жеңілдік санатына тек күндізгі бөлімде оқитын студенттер ғана үміткер бола алады. Бұған орта, техникалық және кәсіптік, жоғарыдан кейінгі, жоғарғы білім беру ұйымдарында оқитын студенттер, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылар кіреді. Оларға МӘМС бойынша жарналарды мемлекет төлейді.

2. Шетелде оқитын студенттер мемлекет есебінен сақтандырыла ала ма?

Жауап

Иә, олар да жеңілдікті санатқа жатады. Мәртебені алу үшін Egov порталындағы «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметін пайдалану қажет:

egov.kz электрондық үкімет сайтына кіріп, авторизациядан өту;

«Азаматтарға» бөлімінде «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» қызметін таңдау («Білім» блогы – «Жоғары білім»);

Өтінімді толтырып, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою;

Өтінім өңделгеннен кейін жеке кабинетке хабарлама келеді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі өтінімді қарағаннан кейін студент есепке алынады, және ол автоматты түрде МӘМС жүйесінде сақтандырылады.

Өтінім беру бойынша сұрақтар туындаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жүгінуге болады.

3. Қазақстанда білім алатын шетелдік студенттер жеңілдік санатына кіре ме?

Жауап

Қазақстанда оқитын шетелдіктер Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсаты болған жағдайда студент ретінде жеңілдік санатына ие болады, себебі шетел азаматтары МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқықтар мен міндеттерге ие.

4. Сырттай оқитын студенттер МӘМС аясында жеңілдік санатына кіре ме?

Жауап

Жоқ, МӘМС туралы заңға сәйкес, жеңілдік санатына тек күндізгі бөлімде оқитын студенттер кіреді.

5. Жұмыс беруші қызметкері студент болса, МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуге міндетті ме?

Жауап

Жоқ, жұмыс беруші күндізгі бөлімде оқитын студенттер үшін жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады. Олар оқу орнын аяқтағанға дейін автоматты түрде сақтандырылған болып есептеледі. Тіпті жеке кәсіпкер немесе жалданған қызметкер болған жағдайда да олар жеңілдік санатын сақтап, жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады.

6. Жұмыс беруші студент қызметкері үшін жарналар мен аударымдарды төлеп келген. Төлемдерді қайтарып алуға бола ма?

Жауап

Иә, ол үшін жұмыс беруші «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтініш жазуы керек және қызметкердің төлемдерді қайтаруға келісімін растайтын өтінішін қоса тіркеуі қажет.

7. Жұмыс берушіге бұрын студент болған, бірақ оқуын тәмәмдаған қызметкерлер үшін төлеген МӘМС төлемдері қайтып кеп жатыр. Бұл қателікті қалай түзетуге болады?

Жауап

Медициналық сақтандыру қорына жеңілдік санаттары туралы деректер профильді органдардан түседі. Осы жағдайда деректерді Ғылым және жоғары білім министрлігінің және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпараттық жүйелерінде түзету қажет. Қызметкер өзі сол органдарға жеңілдік санатынан шығару туралы өтінішпен жүгіне алады

8. Студент жеке кәсіпкер болып тіркелген. Жарна төлеу керек пе?

Жауап

Жоқ, МӘМС туралы заңға сәйкес, күндізгі бөлімде оқитын студенттер, соның ішінде жеке кәсіпкер ретінде тіркелген болса да, МӘМС жарналарын төлеуден босатылады.

9. Студенттің мәртебесі "сақтандырылмаған" болса, не істеу керек?

Жауап

Студенттер туралы деректер Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі немесе Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық жүйелерінен беріледі.

Егер студенттің мәртебесі болмаса, оны жеңілдік санатына енгізу үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Студент ҚР-да оқыса тиісті білім беру ұйымына жүгіну қажет. Деректерді өзектендіруге жоғары оқу орындары үшін   Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары білім берудің бірыңғай платформасында, ал колледждер үшін – Оқу-ағарту министрлігінің Ұлттық білім беру деректер базасында болады.                                                                                                                - Егер оқу шетелдік жоғары оқу орнында жүрсе – «Шетелде оқитын студенттерді тіркеу» мемлекеттік қызметі бойынша электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы өтінім беру қажет.

10. Студенттің сақтандырылған мәртебесі жоғалып кетті. МӘМС аясында медициналық көмек алу керек, бұндайда не істеу керек?

Жауап

Өз оқу орныңызға жүгініп, ЕЖБК және ҰБДБ жүйелерінде сіздің деректеріңіздің бар-жоғын тексеру қажет, себебі студенттер туралы ақпарат Медициналық сақтандыру қорына дәл осы жүйелерден түседі.

Бұл мәселе қарастырылып жатқан кезеңде Қор студентке бір ай мерзімге уақытша сақтандырылған мәртебесін тағайындай алады. Ол үшін Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын жүктеп, оқу орнынан алынған анықтаманы тіркеп, мәртебе беру бойынша өтінім қалдыру қажет.