Артқа қайту

1. Бұл категорияға кімдер кіреді?

Жауап

Бұл жұмысы немесе табыс көзі жоқ, сонымен қатар жұмыссыз ретінде ресми есепте тұрмайтын тұлғалар.

2. Мен жұмыс істемеймін және жұмыссыз ретінде есепке де тұрмадым. МӘМС жүйесінде мәртебені қалай алуға болады?

Жауап

Егер сіз жұмыссыз ретінде тіркелмеген болсаңыз, онда сізге жеңілдетілген санаттағы мәртебе берілмейді. Бұл жағдайда сіз өзіңіз үшін дербес төлеуші ретінде жарна аудара аласыз – ай сайын ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 5%-ы мөлшерінде, яғни 2026 жылы бұл 4250 теңгені құрайды.
Мәртебе жарналар соңғы немесе алдағы 12 айдың үздіксіз кезеңі үшін төленген жағдайда беріледі.
Мәртебе алынғаннан кейін сізге міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесінде медициналық көмек алу құқығы беріледі.

3. Мен жұмыс істемеймін, жұмыссыз ретінде тіркелмегенмін, сақтандыру жарнасын төлеуге табысым жоқ. Сонда мен МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек ала алмаймын ба?

Жауап

2025 жылдың жазында МӘМС туралы заңға өзгерістер енгізілді. Енді жергілікті әкімдіктер әлеуметтік тұрғыда осал тұрғындар үшін МӘМС жарналарын төлейді. Яғни, адам жұмыс істемесе, үш айдан астам уақыт бойы зейнетақы жарналары түспесе және ол әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық немесе төтенше деңгейдегі санатқа кірсе,  2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап оның МӘМС жарналарын мемлекет әкімдік арқылы төлейді.