Артқа қайту

1. Шетелдіктер жарна төлеу керек пе?

Жауап

Қазақстанда тұрақты тұратын және тұруға ықтиярхат алған шетелдіктер ҚР азаматтарымен бірдей МӘМС жарналарын төлеу міндеттемелерін атқарады және МӘМС бойынша медициналық қызметтерді алуға құқылы.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар МӘМС жарналарын төлеушілер болып табылмайды.

2. ЕАЭО елінен келген еңбек мигранты сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?

Жауап

Жұмыс беруші еңбек қызметін жүзеге асырған айдан бастап, яғни МӘМС-ке жарналар мен аударымдарды ұдайы төлегенде ЕАЭО елдерінен (Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей) келген еңбек мигранттары МӘМС аясында сақтандырылған мәртебесіне ие болады.

МӘМС жүйесінде мәртебе 12 ай қатарынан төлемдердің болуы арқылы берілетіндіктен, еңбек қызметін бастауға дейінгі берешек кезеңін ескеру қажет. Ол үшін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына өтініш жазып, оған еңбек шартының көшірмесін, "жұмыс” мақсатындағы уақытша тұруға рұқсатты және жеке басын куәландыратын құжаттарды қоса тіркеу қажет.

3. Тұрақты тұруға рұқсат алған шетелдік сақтандырылған мәртебесін қалай ала алады?

Жауап

Ықтиярхаты бар шетел азаматтары МӘМС жарналарын Қазақстан Республикасы азаматтарымен бірдей төлейді. Сақтандырылған мәртебесіне ие болу үшін 12 ай қатарынан төлемдердің болуы қажет. Сондықтан ыхтиярхат алғанға дейінгі МӘМС жүйесіндегі берешек кезеңін ескеру қажет.

Осы мақсатта Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына еркін түрде өтініш жазып, оған растайтын құжаттарды (ыхтиярхат) қоса тіркеу қажет.

4. Қазақстанда тұрақты немесе уақытша тұратын, “зейнеткер” немесе “мүгедектігі бар тұлға” мәртебесі бар шетелдік жеңілдік категориясына кіре ме?

Жауап

Қазақстаннан тыс жерде зейнетақы немесе мүгедектік бойынша жәрдемақы алатын тұлғалар жеңілдік категориясына енгізілмейді.
Сақтандырылған мәртебесі тек МӘМС-ке ең төменгі жалақының 5 %-ы мөлшерінде жарна төленгеннен кейін ғана беріледі (биыл бұл сома 4 250 теңгені құрайды).