Артқа қайту

1. Мен жүктімін және жұмыс істемеймін. Жеке кәсібім жоқ. Мен МӘМС үшін жарна төлеуім керек пе?

Жауап

Егер жүкті әйел жұмыс істемейтін болса, онда ол МӘМС бойынша жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына жатады. Ол үшін тіркелген емханасындағы акушер-гинекологқа жүгініп, жүкті әйелдер тіркеліміне (ЖӘТ) есепке тұруы қажет. Есепке қойылғаннан кейін сақтандырылған мәртебесі 3 жұмыс күні ішінде автоматты түрде беріледі.

2. «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдік санатына кімдер кіре алады?

Жауап

Жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдік санатына жүктілік бойынша есепке тұрған, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметпен айналыспайтын әйелдер кіреді.
Бұл олардың өткен күнтізбелік айда міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдарының болмауымен расталады.
Жүйе жарналардың төленген-төленбегенін автоматты түрде тексереді және өткен ай үшін жарналар түспесе әйелге жеңілдік санаты мәртебесі беріледі.

3. МӘМС жүйесіндегі мәртебені сақтау үшін бала дүниеге келгесін жарна төлеу керекпін бе?

Жауап

Босанғаннан кейін әйел басқа жеңілдік санатына - үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін тұлға санатына кіреді. Бұл жағдайда оның табысы болмаса және кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса, мемлекет ол үшін  жарналарды төлеуді жалғастырады.

4. «Жұмыс істемейтін жүкті әйел» жеңілдік санаты бойынша мәртебе қай кезде тоқтайды?

Жауап

Осы санат бойынша жеңілдік мәртебесі міндетті зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар түсе бастаған жағдайда тоқтатылады.Яғни, жүйе әйелдің жұмыс істей бастағанын анықтап, оны «жұмыс істемейтін жүкті әйелдер» қатарынан шығарады.

Жеңілдік мәртебесі алдыңғы күнтізбелік ай үшін аталған төлемдердің болмауы жағдайында қайта қалпына келтіріледі.