Артқа қайту

Азаматтарды Қазақстан Республикасынан тыс жерде емделуге жіберу тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-45 «Қазақстан Республикасы азаматтарын шетелге емделуге жіберу және (немесе) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде отандық медициналық ұйымдарда емдеу жүргізу үшін шетелдік мамандарды тарту қағидаларын бекіту туралы» бұйрығымен реттеледі.

Бағдарлама шеңберінде пациенттер емделу үшін шетелге жіберіледі немесе Қазақстанның медициналық ұйымдарында операциялар жүргізу үшін шетелдік мамандар тартылады.