Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

ӘМСҚ дегеніміз не?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі — Қор) — аударымдар мен жарналарды жинақтауды, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сәйкес медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Сонымен қатар, Қор Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қор 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды.

Қордың құрылтайшысы — Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Бақылау функцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі атынан уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қордың рөлі

Қордың Рөлі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 

Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады. Қорды Қаржы министрлігі басқарады. 


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады және медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясат пен нормативтік талаптарды айқындайды.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 

Заңнамада белгіленген өкілеттіктер шегінде медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, шарттық жұмыс, мониторингілеу және төлеу процестерін ұйымдастырады.

Қор немен айналысады?

1
Медициналық көмекке ақы төлеу үшін жалпы «сақтандыру пулын» қалыптастыра отырып, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың жарналарын жинақтау.
2
Халықтың медициналық көмекке қажеттілігін анықтау, қажетті қызмет көлемін жоспарлау.
3
Медициналық көмек сатып алуды жүргізу және медициналық ұйымдармен шарттар жасасу.

Қор қалай құрылды

Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құрудан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқарудың қазіргі заманғы цифрлық жүйесіне дейінгі жолдан өттік

2024

АТО құру және Қордың терең цифрлық трансформациясы

2024 жыл Қорды терең трансформациялау, қаржылық тұрақтылықты нығайту және денсаулық сақтау жүйесінде бәсекелестік ортаны дамыту кезеңі болды.
АТО құру және Қордың терең цифрлық трансформациясы

2,8 трлн теңге

медициналық көмекті қаржыландыру көлемі (ТМККК және МӘМС) (+2023 жылға қарағанда 8%, +2020 жылға қарағанда 78%)

~1 трлн теңге

МӘМС жүйесіне тиесілі

65%

медициналық қызметтерді жеткізуші - Жекеменшік клиникалар құрайды

1975

медициналық қызметтерді жеткізуші - Қормен шарт жасасты

0 қарыз

медициналық қызметтерді жеткізушілер алдында

5,9 млн

39 млрд теңге сомасына анықталған ақаулар

2024 жылдың негізгі оқиғалары

1
2024 жылдың басты оқиғасы – Ахуалдық-талдамалық орталық (АТО) құрылуы
2
АТО 26 ақпараттық жүйеден алынатын деректерді біріктірді
3
Тәуекелдерді анықтау және басқарушылық шешімдер қабылдау үшін 950-ден астам талдамалық көрсеткіш қалыптастырылды
4
Қордың меншікті «E-Saqtandyry» ақпараттық жүйесі іске қосылды
5
«E-Densaulyq» сыртқы ақпараттық жүйесін іске қосу жүзеге аспағаннан кейін Қор қысқа мерзім ішінде өзінің цифрлық платформасын әзірледі
6
ТМККК және МӘМС бойынша шарттардың жалпы көлемі 2 797,8 млрд теңгені құрап, 2023 жылғы деңгейден шамамен 8%-ға жоғары болды
7
2020 жылмен салыстырғанда медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 78%-ға өсті
8
1 975 медициналық ұйыммен шарт жасалды
9
Оның ішінде 1 274 ұйым немесе 65%-ы жекеменшік медициналық ұйымдар болды
10
Жыл медициналық қызмет көрсетушілер алдындағы берешексіз аяқталды, медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі 44%-ға төмендеді
11
5,9 млн-нан астам ақау анықталып, олардың сомасы шамамен 39 млрд теңгені құрады