Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

ӘМСҚ дегеніміз не?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі — Қор) — аударымдар мен жарналарды жинақтауды, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сәйкес медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Сонымен қатар, Қор Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қор 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды.

Қордың құрылтайшысы — Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Бақылау функцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі атынан уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қордың рөлі

Қордың Рөлі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 

Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады. Қорды Қаржы министрлігі басқарады. 


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады және медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясат пен нормативтік талаптарды айқындайды.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 

Заңнамада белгіленген өкілеттіктер шегінде медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, шарттық жұмыс, мониторингілеу және төлеу процестерін ұйымдастырады.

Қор немен айналысады?

1
Медициналық көмекке ақы төлеу үшін жалпы «сақтандыру пулын» қалыптастыра отырып, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың жарналарын жинақтау.
2
Халықтың медициналық көмекке қажеттілігін анықтау, қажетті қызмет көлемін жоспарлау.
3
Медициналық көмек сатып алуды жүргізу және медициналық ұйымдармен шарттар жасасу.

Қор қалай құрылды

Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құрудан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқарудың қазіргі заманғы цифрлық жүйесіне дейінгі жолдан өттік

2017

Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Қордың филиалдарын құру

2017 жылы Қор өз қызметін кеңейтті және еліміздің барлық өңірлерінде филиалдар ашты
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Қордың филиалдарын құру

18.1 млн

2017 жылы Қазақстан халқы

0

2017 жылы МӘМС жүйесінде сақтандырылғандар

105

2017 жылы медициналық қызмет көрсетушілер

2017 жылдың негізгі оқиғалары

1
Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде Қордың 16 филиалы құрылып, тіркелді
2
МӘМС жүйесіне қаражат жинақтау басталды — 32,2 млрд теңге түсті
3
Медициналық қызметтерді жеткізушілердің деректер базасы қалыптастырылды
4
Қорға жарналар мен аударымдарды есептеу және төлеу қағидалары мен мерзімдері бекітілді
5
МӘМС жүйесінде денсаулық сақтау субъектілерінен қызметтерді сатып алу қағидалары бекітілді
6
«Емханаға тіркел — МӘМС жүйесіндегі мәртебеңді анықта» атты ауқымды акция өткізілді
7
1414 Бірыңғай байланыс орталығымен бірлескен жұмыс ұйымдастырылды
8
«ФМС: Халықтық бақылау» мобильді қосымшасы іске қосылды
9
Медициналық қызметтерді жеткізушілер саны — 1 105