Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Артқа қайту

ӘМСҚ дегеніміз не?

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ (бұдан әрі — Қор) — аударымдар мен жарналарды жинақтауды, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сәйкес медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым. Сонымен қатар, Қор Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Қор 2016 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен құрылды.

Қордың құрылтайшысы — Қазақстан Республикасының Үкіметі.

Бақылау функцияларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі атынан уәкілетті орган жүзеге асырады.

Қордың рөлі

Қордың Рөлі
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қордың жалғыз құрылтайшысы және акционері болып табылады.


Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 

Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын жүзеге асырады. Қорды Қаржы министрлігі басқарады. 


Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі 

Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады және медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік саясат пен нормативтік талаптарды айқындайды.


Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры 

Заңнамада белгіленген өкілеттіктер шегінде медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, шарттық жұмыс, мониторингілеу және төлеу процестерін ұйымдастырады.

Қор немен айналысады?

1
Медициналық көмекке ақы төлеу үшін жалпы «сақтандыру пулын» қалыптастыра отырып, мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың жарналарын жинақтау.
2
Халықтың медициналық көмекке қажеттілігін анықтау, қажетті қызмет көлемін жоспарлау.
3
Медициналық көмек сатып алуды жүргізу және медициналық ұйымдармен шарттар жасасу.

Қор қалай құрылды

Біз әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын құрудан бастап Қазақстан Республикасының денсаулық сақтауды қаржыландыруды басқарудың қазіргі заманғы цифрлық жүйесіне дейінгі жолдан өттік

2021

Қордың «Saqtandyry» меншікті ақпараттық жүйесін апробациялау басталды

2021 жыл МӘМС жүйесін ауқымды дамыту кезеңі болды:

медициналық көмекті қаржыландыру айтарлықтай ұлғайтылды, халық үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі кеңейтілді және Қордың негізгі процестерін цифрлық трансформациялау жалғастырылды.

Қордың «Saqtandyry» меншікті ақпараттық жүйесін апробациялау басталды

2,1 трлн теңге

ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық көмекке (+2020 жылға қарағанда 26%)

722 млрд теңге

МӘМС шеңберіндегі медициналық көмекке

449 млрд теңге

COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға

+27%

БМСК деңгейіндегі келушілер санының өсуі

814 мың

МӘМС қаражаты есебінен жоспарлы түрде стационарларда емделген пациенттер

5,9 млн

18 жасқа дейінгі балаларға көрсетілген стоматологиялық қызметтер

2021 жылдың негізгі оқиғалары

1
ТМККК және МӘМС шеңберіндегі медициналық көмекті қаржыландыру көлемі 2,1 трлн теңгеден асты
2
МӘМС жүйесіне шамамен 722 млрд теңге бағытталды.
3
2020 жылмен салыстырғанда қаржыландыру көлемі шамамен 26%-ға ұлғайды
4
БМСК деңгейіндегі келушілер саны 27%-ға өсті
5
Консультациялық-диагностикалық қызметтердің көлемі 41%-ға артты
6
Оңалту көмегінің көлемі 33%-ға өсті
7
МӘМС қаражаты есебінен стационарларда жоспарлы түрде 814 мыңнан астам пациент емделді
8
COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі іс-шараларға шамамен 449 млрд теңге бағытталды
9
МӘМС қаражаты есебінен 18 жасқа дейінгі балаларға шамамен 5,9 млн стоматологиялық қызмет көрсетілді
10
Қорды цифрландыру және «Saqtandyry» ақпараттық жүйесін дамыту жалғастырылды, оның ішінде медициналық көмекті мониторингтеу және сатып алуды жоспарлау процестері автоматтандырылды