Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
Вернуться Артқа қайту

Жалпы ақпарат және үміткерге қойылатын талаптар

Білімі

экономика / қаржы / есеп және аудит / құқықтану / мемлекеттік және жергілікті басқару

Жұмыс өтілі

Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі

Құжаттарды қабылдаудың аяқталу күні

17.11.2026 18:00:00

Центральный аппарат

Вакансия орналасқан өңір

Байланыс телефоны

674674 (1213)

Аталған лауазым бойынша функционалдық міндеттер

1
Кандидатқа қойылатын талаптар:

  • Білім: экономика / қаржы / есеп және аудит / құқықтану / мемлекеттік және жергілікті басқару;
  • Жұмыс тәжірибесі: Кадрларды даярлаудың тиісті бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім, кәсіби салада және функционалдық бағыттарға сәйкес салаларда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс өтілі.
Осы лауазымдағы функционалдық міндеттері:

1) Басқармаға жүктелген процестерді, міндеттер мен функцияларды сапалы және уақтылы орындау;

2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бақылау, тексеру және бақылау-талдау іс-шараларын жүргізу;

3) Қор қызметінің жекелеген бағыттары, бизнес-процестері, құрылымдық бөлімшелері және филиалдары бойынша ішкі бақылау мәселелеріне қатысты тексерулер жүргізу;

4) Қор басшылығының, Департамент директорының, Басқарма бастығының тапсырмасы бойынша, сондай-ақ шағымдар, өтініштер, сыртқы тексерулер материалдары, бұзушылықтар туралы ақпарат және тексеруді талап ететін өзге де мәліметтер болған кезде тексерулер жүргізу;

5) ішкі бақылау мәселелері бойынша Қордың құжаттарын, мәліметтерін, ақпараттық жүйелерін, есептік деректерін, жұмыскерлердің түсініктемелерін және өзге де материалдарын зерделеу;

6) тексеру іс-шараларын жүргізу үшін қажетті құжаттарды, түсініктемелерді, анықтамаларды, есеп-қисаптарды және өзге де материалдарды Қордың құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарынан Қордың ішкі құжатында белгіленген тәртіппен сұрату;

7) бақылаушы және қадағалаушы органдардың сыртқы және ішкі тексерулер материалдарын, нұсқамаларын, ұсынуларын, тапсырмаларын және өзге де құжаттарын талдау және талдау нәтижелері бойынша ақпаратты ЖҚД және Қор басшылығына ұсыну;

8) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұзушылықтарды, олардың туындау себептері мен жағдайларын анықтау;

9) бұзушылықтардың туындауына ықпал ететін құрылымдық бөлімшелер мен филиалдар жұмысының ұйымдастырылуындағы кемшіліктерді анықтау;

10) Қордың құрылымдық бөлімшелері мен филиалдарының ішкі құжаттарды, регламенттерді, бұйрықтарды, өкімдерді және Қор басшылығының тапсырмаларын сақтауын бағалау;

11) тексерілетін қызмет бағыттарында ішкі бақылау мәселелері бойынша бақылау рәсімдерінің болуын және олардың нақты қолданылуын бағалау;

12) жүргізілген тексерулер мен бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша анықтамалар, қорытындылар, талдамалық материалдар және өзге де ақпарат дайындау және оларды ЖҚД және Қор басшылығына ұсыну;

13) анықталған бұзушылықтарды, олардың туындау себептері мен жағдайларын жою бойынша ұсыныстар дайындау;

14) тексерілген қызмет бағыттарында қайталама бұзушылықтардың алдын алу және бақылауды күшейту бойынша ұсыныстарды ЖҚД және Қор басшылығына дайындау;

15) тексерулердің, бақылау іс-шараларының және қызметтік тергеп-тексерулердің нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныстардың қаралуы мен орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

16) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың ішкі құжаттарына сәйкес қызметтік тергеп-тексерулер жүргізу;

17) Басқарма жұмыскерлері жүргізген қызметтік тергеп-тексерулердің, тексерулердің және өзге де іс-шаралардың материалдарын ресімдеу, тіркеу, есепке алу және сақтау;

18) қызметтік тергеп-тексерулер мен тексерулер материалдарын тігу, нөмірлеу, құжаттар тізімдемесін жасау және олардың тиісінше сақталуын қамтамасыз ету;

19) Басқарманың құзыреті шегінде тәртіптік және өзге де сипаттағы шаралар қабылдау мәселесін қарау үшін материалдар дайындау;

20) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың ішкі құжаттарының жобаларын әзірлеу, сондай-ақ қарау;

21) тексерулердің, қызметтік тергеп-тексерулердің және бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша Қордың ішкі құжаттарына өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар дайындау;

22) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың құрылымдық бөлімшелерімен және филиалдарымен өзара іс-қимыл жасау;

23) Қор басшылығының тапсырмалары бойынша, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, бақылаушы және қадағалаушы органдардың сұрау салулары бойынша Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелерге қатысты жауаптар, ақпарат және материалдар дайындау;

24) жүргізілген тексерулердің, бақылау іс-шараларының, қызметтік тергеп-тексерулердің және олардың нәтижелері бойынша енгізілген ұсыныстардың есебін жүргізу;

25) тексерулердің, бақылау іс-шараларының, қызметтік тергеп-тексерулердің нәтижелері бойынша, сондай-ақ сыртқы бақылаушы және қадағалаушы органдардың материалдары негізінде анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктердің қайталануына талдау жүргізу;

26) құқық бұзушылық белгілері және ден қою шараларын қабылдауды талап ететін өзге де фактілер анықталған жағдайда, материалдарды мемлекеттік, құқық қорғау және өзге де органдарға жолдау бойынша Қор басшылығына ұсыныстар дайындау;

27) Қор филиалдарына шығуды жүзеге асыру, сондай-ақ Басқарманың құзыретіне кіретін және Қордың мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша денсаулық сақтау субъектілеріне барумен өткізілетін Қор іс-шараларына қатысу;

28) Департаменттің құзыреті шегінде Қорға қатысты мемлекеттік, бақылаушы, қадағалаушы және құқық қорғау органдары жүргізетін сыртқы тексерулерге қатысу;

29) Қордың қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілеріне мониторинг жүргізуді, жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актілер туралы ақпаратты орталық аппараттың және Қор филиалдарының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне жеткізуді, оларды қолдану тәртібін түсіндіруді, сондай-ақ құрылымдық бөлімшенің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қордың ішкі құжаттарын уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету;

30) Қор Басқарма Төрағасы және Қор Басқарма Төрағасының жетекшілік ететін орынбасары, Департамент директоры, Басқарма бастығы жүктеген өзге де міндеттерді Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қордың ішкі құжаттарына, Департамент туралы ережеге және осы лауазымдық нұсқаулыққа сәйкес орындау.

Конкурсты өткізу кезеңдері

1
Әңгімелесу
Үміткер болу