Артқа қайту

Тельнова Ирина Юрьевна

Басқарма хатшысы

Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары

2001 ж. – «Құқықтану» мамандығы бойынша «Әділет» Жоғары құқық мектебі, Алматы қ.;

2006 ж. – «Экономика бакалавры» біліктілігі берілген Көкшетау экономика және менеджмент институты;

2019 ж. – Санкт - Петербург халықаралық менеджмент институтында МВА бағдарламасын үздік бітірді

Еңбек қызметі

2001 – 2004жж. – Ақмола облыстық Кәсіподақтар федерациясының заңгері: кәсіподақ мүшелеріне құқықтың түрлі салалары бойынша заң көмегі (консультациялар), сот процестеріне қатысу, еңбек заңнамасы бойынша біліктілікті арттыру курстарында дәріскер

2004 ж. – «Тыныс» АҚ заң бөлімінің бастығы. Қоғам қызметін заңдық сүйемелдеуді, сотта мүдделер білдіруді, шарттарға, бұйрықтарға сараптама жасауды, заңдық қорытындылар дайындауды жүзеге асырды

2004-2006 жылдары – «Ақмола облыстық экономика және шағын бизнесті дамыту басқармасы» ММ, «Экономика және бюджеттік жоспарлау департаменті» ММ заңгері. Аталған мемлекеттік мекемелердің қызметін заңдық сүйемелдеуді, шарттарды, бұйрықтарды келісуді, заңды қорытындылар дайындауды жүзеге асырды

2006-2016 жылдары – заңгерден құқықтық талдау департаментінің директоры – «Оңалту қоры» АҚ Басқарма мүшесі лауазымдарын атқарды. Компанияны заңдық сүйемелдеуді, оның ішінде банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру кезінде шарттарды, бұйрықтарды келісуді, заңдық қорытындыларды дайындауды, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді, Менеджмент және сапа жүйесін енгізу және ISO сертификаттарын алу жөніндегі қызметті толық сүйемелдеуді, мемлекеттік сатып алу процесін, кадр жұмысын бақылауды қамтамасыз етті

2016 – 2020 жж. – Заң департаментінің және операциялық комплаенс-бақылау департаментінің бас менеджер – комплаенс-бақылаушысы, комплаенс-бақылау департаменті директорының міндетін атқарушы. Қоғамның қызметіне, Ұлттық Банктің және Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі құрылымдық бөлімшелерімен өзара іс-қимылға Комплаенс - бақылауды жүзеге асырды

2020-2026 жылдары – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ-да аға менеджерден бастап заңгерлік сүйемелдеу департаменті басқармасының бастығына дейін, медициналық көмекті сатып алуды ұйымдастыру департаменті директорының орынбасары, Хатшылық басқармасының бастығы лауазымдарын атқарды. Қорды заңдық сүйемелдеуді, сотта мүдделер білдіруді, шарттарға, бұйрықтарға, ішкі құжаттарға сараптама жасауды, заң қорытындыларын, нормативтік құқықтық актілердің жобаларын, тексеру актілеріне қарсылықтарды дайындауды, Басқарма отырыстарын ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асырды.

2026 жылғы маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма хатшысы.