Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
МӘМС: ауқымы кеңейген жүйеге жаңа басқару моделі қажет
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Соңғы жылдары МӘМС аясында болып жатқан қоғамдық пікірталас іс жүзінде екі мәселеге келіп тірелді: жүйеде қаражат жеткілікті ме және Қор оны қаншалықты тиімді басқарады? Ал қор ақшасын жымқыру фактілері туралы ақпараттан кейін бұл сұрақ одан да өткір қойыла бастады: триллиондаған қаражат қайда кетті? Сақтандырылған мәртебесі бар азамат көмекті уақытында алмаса және көп жағдайда емге керек шығынды өз қалтасынан қосымша тағы шығарса МӘМС жүйесі кімге және не үшін қажет?
Cұрақ орынды. Жүйедегі олқылықтар дербес жауапкершілікті де, Қордың қаржылық тәртібін қамтамасыз ету міндетін де жоққа шығармайды.
Бұл ретте қордаланған проблемалардың басым бөлігі сақтандыру идеясының сәтсіз болғандығынан емес, институционалды басқару моделінің дамуы қабылданған міндеттемелер көбейген сайын оның соңынан ілесе алмағандығынан туындағанына назар аударған жөн.
Қазақстандағы сақтандыру медицинасы 2020 жылы пайда болған жүйе емес.1996 жылы елде Міндетті медициналық сақтандыру қоры жұмыс істеді, ол бюджетпен қатар денсаулық сақтау ресурстарының едәуір бөлігін шоғырландыруы тиіс еді. Жұмысы 1998 жылға дейін ғана жалғасқан жүйенің ғұмыры ұзаққа созылмады, себебі жетерлік: өтпелі кезеңдегі экономикалық тұрақсыздық, кәсіпорындардың төлем тәртібінің төмендігі және сол кездегі институционалдық инфрақұрылымның шикілігі.
Осыдан кейін ел екі онжылдықта бюджеттік моделге қайта оралды десе болады. 2000-шы жылдары мемлекет қаржыландыруды орталықтандырып, ауруханалар желісін қаржыландырудың орнына көрсетілген қызметтерге төлем жасауға көше бастады.
Қазақстанда «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң 2015 жылғы 16 қарашада қабылданып, 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жұмыс істей бастады.
Осы сәттен бастап Қор елдегі медициналық көмектің едәуір бөлігін сатып алатын негізгі көзге айналды. Яғни елдегі медициналық көмек алу «мемлекет ауруханаларды қаржыландырады» дегеннен «дербес сатып алушы мемлекеттік және жеке жеткізушілерден қызмет сатып алады» деген логикаға көшті.
МӘМС-ті көбіне жинақтаушы жүйе ретінде қабылдаймыз: ай сайын жарна төлеп отырған адам кейін «өзі жинаған ақшаға» емделеді деген түсінік бар. Ал бұл әлеуметтік сақтандыру логикасына тікелей қайшы. Жарна жеке шотқа түспейді, қаражат ортақ пулға түсіп, дәл қазір көмекке мұқтаж адамдардың пайдасына бөлінеді.
Адам жылдар бойы жарна төлеп, дәрігерге сирек қаралуы мүмкін, ал кейін ондаған миллион теңге тұратын ем алуы ықтимал.
Реформаның бастапқы мақсаты бюджеттен тыс қосымша әрі салыстырмалы түрде тұрақты қаржыландыру тарту. Бірнеше жылдың ішінде МӘМС саланы қаржыландырудың қосымша көзінен Қазақстандағы қоғамдық қаражат пен медициналық тәуекелді қайта бөлетін ең ірі жүйенің біріне айналды.
Міндеттемелер ауқымы айтарлықтай өзгерді, ал оларды басқару қағидаты бұрынғы күйінде қалды.
Құрылымның негізгі экономикалық қайшылығы дәл осы жерден туындайды, себебі бюджет пен сақтандыру модельдерінің шешім беру реттілігі екі бөлек. Бюджеттік модельде алдымен қаржылық жылдың ресурсы айқындалады, ал кейін оның аясында міндеттемелер бөлінеді. Сақтандыру моделінде, керісінше, алдымен сақтандырылған адам алдында міндеттеме туындайды, одан кейін ғана медициналық тәуекелдің құны мен оны жабуға қажет қаражат көлемі бағаланады.
Міндеттемені сақтандыру моделі ретінде қабылдап, негізгі жұмысын бюджеттік модельде жалғастырып жатқан МӘМС реформасындағы негізгі қарама-қайшылық та осы сияқты.
Ал халық Қорды «медицинаға жауап беретін» құрылым деп таниды. Яғни, медициналық сақтандыру жүйесі денсаулық сақтау саласының репутациялық жауапкершілігін көтеруге мәжбүр.
Әлемдік тәжірибе сақтандырудың бірде-бір идеалды ұйымдық формасы жоқ екенін көрсетеді. Мысалы, Германияда көптеген сақтандыру кассалары, Нидерландта бәсекелес жеке меншік сақтандырушылар, Чехияда бірнеше мемлекеттік қорлар, Оңтүстік Кореяда бір ұлттық сақтандырушы, ал Жапонияда тарифтерді қатаң орталықтандырылған реттеу жағдайындағы көптеген жүйе жұмыс істейді.
Тиімді жүйені сақтандырушылардың саны немесе меншік формасы емес, керісінше, кең ауқымды қамту, ірі тәуекел пулдары, түсінікті кепілдіктер пакеті, алдын ала жиналған жеткілікті қаражат көлемі, сатып алушының институционалдық дербестігі, дамыған аналитика, тарифтерді басқару, сапаны бақылау және жеткізушілердің экономикалық мінез-құлқын өзгерте алу қабілеті біріктіреді.
Сондықтан біз үшін «бір мемлекеттік қор немесе бірнеше жеке меншік қор» деген мәселе сатып алу мазмұны мен төлем негіздеріне қарағанда маңыздылығы төмен.
Бізге МӘМС-ті басқару принциптерін бұрыннан құрылған сақтандыру жүйесінің ауқымына сәйкестендіріп, сақтандыру моделінің экономикалық логикасын соңына дейін жеткізу қажет.
Егер эмоция мен экономика арасын бөліп қарастыратын болсақ, қолданыстағы модельдің маңызды нақты мықты жақтары бар.
Бірыңғай ұлттық пул тәуекелдерді өңірлер мен халық топтары арасында қайта бөледі. Қаржыландырудың қосымша көзі пайда болды және денсаулық сақтау бір жылға арналған бюджеттің жалғыз шешіміне тәуелдігі азайды. Сатып алушы жеткізушіден бөлек қарастырылады: Қор аурухана қажеттіліктерін қаржыландырмауы керек, ол медициналық көмекті сатып алады, бұл – басқарудың заманауи моделі. Мемлекеттік және жеке меншік жеткізушілер мемлекеттік тапсырыс үшін бірдей бәсекеге түседі.
Цифрлық архитектура дұрыс құрылған жағдайда емдеу құны, пациенттің бағыты, технологиялар тиімділігі, ауытқуларды анықтауды бағалау үшін құнды мемлекеттік ақпараттық ресурстардың біріне айнала алатын медициналық көмек туралы орасан зор деректер жинағы жиналды.
Дамытуға болатын конструкцияны бұзғаннан гөрі, бұл артықшылықтарды дамытқан жөн.
Теңгерімсіздіктер жүйелі сипатқа ие және мен бұл туралы ашық айтуға дайынмын. Әлсіз тұстарды ашық мойындауды сақтандырудан бас тартудың себебі емес, МӘМС-ті дамытудың қажетті шарты деп есептеймін.
Кезекті кезеңді тек қаржыландыруды тағы бір мәрте арттыру немесе бақылауды күшейту деп қарастыруға болмайды.
Қосымша қаражат тапшылықты жұмсарта алады, ал бақылау бұзушылықтардың жолын кесу үшін қажет. Алайда оны жеке қарастыру кезектерді, тарифтік теңгерімсіздік пен көлемнің негізсіз өсуін тудыратын ережелерді өзгертпейді.
МӘМС енгізілгеннен кейін медициналық көмекті қаржыландыру мемлекет пен сақтандыру механизмдерінің арқасында үш есе өсті: 2019 жылы 1,1 трлн теңге болса, 2026 жылы ол 3,4 трлн теңгеге дейін жетті. Ал бір тұрғынға шаққандағы шығыс 56 мың теңгеден 165 мың теңгеге дейін артты. Жалпы ішкі өнімге шаққанда үлес 1,47%-дан 1,84%-ға өсті.
Мұндай өсім күтілген нәтижені неге бермеді деген заңды сұрақ туындайды.
Медициналық сақтандыру жүйесі саланың көптеген жылдар бойы жеткіліксіз қаржыландыру кезеңінен кейін іске қосылған еді. Қосымша ресурс бір мезгілде жинақталған тапшылықты, медициналық инфляцияны, көмек көлемінің кеңеюін және жаңа міндеттемелерді жапты. Сондықтан шығыстардың өсуі пациенттің сақтандыру қорғанысы қаншалықты күшейгенін әлі көрсете қоймаған еді.
Бұл ретте ресурстық база жүйені іске қосу кезінде болжанғаннан едәуір аз болып шықты. Бастапқы модель денсаулық саласына жұмсалатын шығыстарды мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың қатысуымен ЖІӨ-нің 5-6%-ына дейін жеткізуге негізделген болатын.
Сонымен қатар, бүгінде жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан 3% аударады (5%-дың орнына), қызметкер – 2%, жеке кәсіпкер – 1,4 ЕТЖ-дан бекітілген 5% төлейді (жалпыға бірдей белгіленген режимдегі табыстың 7%-ының орнына), ал мемлекет жеңілдік санатындағыларға орташа айлық жалақының 2%-ын төлейді (7% орнына). Қолданыстағы кесте мемлекет жарнасының 2037 жылға қарай тек 4,7%-ға дейін ғана өсетінін көздейді.
Дамыған сақтандыру жүйелерімен салыстырғанда Қазақстанның ресурстары объективті түрде аз. Соңғы қолжетімді деректер бойынша, 2023 жылы денсаулық сақтауға жұмсалатын ағымдағы шығыстар әр адамға шаққанда шамамен 490 долларды құрады.
Германияда 2025 жылы шығыстар сатып алу қабілетінің паритеті (СҚП) бойынша шамамен 10,1 мың долларға немесе ІЖӨ-нің шамамен 12,7%-ына жетті, Чилиде – СҚП бойынша 4,1 мың доллар немесе ІЖӨ-нің 10,3%-ы, Түркияда – СҚП бойынша 2,1 мың доллар немесе ІЖӨ-нің 4,7%-ы.
Тікелей салыстыру баға айырмашылығымен, еңбек құнымен және әдістемемен шектеледі, бірақ алшақтық ауқымы қазақстандық денсаулық сақтау саласының қандай жағдайда жұмыс істеп жатқанын көрсетеді.
Бұл ретте денсаулық сақтау саласына түсетін қаржылық қысым барлық елдерде күшейіп келеді. ЭЫДҰ денсаулық сақтауға кеткен мемлекеттік шығыстардың қазірдің өзінде ең ірі бюджет баптарының қатарына кіретінін көрсетеді.
Халықтың қартаюы, созылмалы аурулар мен жаңа технологиялар шығыстарды, әсіресе қымбат тұратын емдеу мен ұзақ мерзімді күтім жасау шығыстарын ұлғайта түсуде. Тиімділікті арттыру айтарлықтай резервті босата алады, бірақ қаржыландырудың қажетті деңгейін алмастыра алмайды.
Сонымен бірге, МӘМС кепілдігі қазіргі заманғы медицинаның толық спектрін қамтиды: кеңес беру мен диагностикадан бастап, күрделі жоғары технологиялы операциялар, оңалту мен қымбат бағалы дәрі-дәрмектерге дейін.
Емдеу құны жеке жарнаның мөлшеріне байланысты емес, ынтымақты сақтандырудың мәні де осында. Емдеу бағасы миллиондаған және ондаған миллион теңгені, ал кейбір орфандық препараттар мен бірегей технологиялар кезінде жүздеген миллион теңгені құрауы мүмкін.
Пациент үшін бұл ең алдымен әлеуметтік қорғалудың жоғары деңгейі. Ал жүйе үшін алдын ала бағалау мен тұрақты қаржыландыруды талап ететін үлкен тәуекел.
Көптеген елдерде денсаулық сақтау шығыстарының деңгейі әлдеқайда жоғары болса да, қымбат тұратын препараттар, жекелеген технологиялар және қызметтердің бір бөлігі міндетті сақтандыру, арнайы бюджеттік бағдарламалар мен қосымша жабу механизмдері арасында бөлінеді.
Қазақстандық модель, керісінше, әлдеқайда шектеулі кіріс базасы кезінде міндеттемелердің тым кең көлемін сақтап қалуға ұмтылады.
Қорға келетін түсімдер құрылымы тағы бір ерекшелікті көрсетеді. Классикалық әлеуметтік медициналық сақтандыруда ресурс көлемінің айтарлықтай бөлігі экономикалық белсенді халық: қызметкерлер, жұмыс берушілер, кәсіпкерлер есебінен қалыптасады.
Қазақстандық модель өзгеше құрылған: жеңілдігі бар санаттар үшін жарна төлеу мен қызметкерлердің бөлек санаттарына көмек ақысын төлеу арқылы ТМККК-ны қаржыландыру есебінен 2025 жылы барлық бағыттар бойынша қорға түскен 3,37 трлн теңгенің 2,14 трлн теңгесін бюджет қамтамасыз етті. Жұмыс берушілердің аударымдары мен МӘМС-тің өзге де жарналары 1 триллион теңгеге жуықтайды.
Шамамен 17 миллион сақтандырылған азаматтың ішінде мемлекет 12 миллион адам үшін жарна төлейді: жүйе қатысушылардың оннан жеті бөлігіне сақтандыру шығындарын жұмыспен қамтуға байланысты төлемдер есебінен емес, бюджет есебінен алады.
Жеңілдік берілген санаттағылар мен басқа да сақтандырылғандардың санын өзара салыстырсақ, жеңілдік санатына кірмейтін бір сақтандырылған азаматқа қатысуын мемлекет қаржыландыратын екі адамнан келеді.
Мемлекеттік қаржыландырудың басым болуының өзі ауытқу емес, заманауи денсаулық сақтау жүйесі әдетте бірнеше дереккөзді біріктіреді. Балалар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар адамдар, жүкті әйелдер және басқа да әлеуметтік санаттар толыққанды медициналық қорғауға ие болуы тиіс.
Мәселе басқада: кепілдіктің айрықша кең көлемі шектеулі кіріс базасына сүйенеді, ал жаңа міндеттемелер әрқашан олардың толық болашақ құнын және тұрақты қаржыландыру көзін бағалаумен қатар жүрмейді.
Осы жерде МӘМС-тің бірінші жүйелі алшақтығы туындайды. Мұндай алшақтық тек есептілікте ғана көрінбейді: ол кезектің пайда болуына, емдеудің кейінге шегерілуіне, клиникалардың келісімшарттан тыс шығынға және пациент өзі төлейтін мәжбүрлі шығынға айналады.
Емханадағы ұзын сонар кезек МӘМС тиімсіз деген дәлел ретінде қабылданады. Белгілі бір дәрежеде бұл орынды. Дегенмен, көмектің қолжетімділігі тек сақтандыру жүйесінің жұмысына ғана байланысты емес: оған кадр тапшылығы, инфрақұрылымның жай-күйі, өңірдегі ахуал, пациенттерді бағыттау мен құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету әсер етеді.
Сонымен бірге, емханадағы кезек себебінің бір бөлігі МӘМС механизмінің ішінде жатыр, ол медициналық көмекті жоспарлау мен сатып алу кезеңінде қалыптасады. Мұнда жоғарыда сипатталған қайшылық көрініс табады: жүйе міндеттемелерді сақтандыру логикасы бойынша қабылдайды, ал көмек көлемін жылдық қаржылық лимит шегінде, көбінесе бұрынғы тұтыну көрсеткіштері негізінде сатып алады.
Жоспарға енбеген қажеттілік жоғалып кетпейді. Ол кезекке, емдеуді кейінге қалдыруға, клиниканың немесе пациенттің шығындарына айналады, ал кейде жүйеге әлдеқайда ауыр әрі қымбат жағдай болып қайтып оралады, клиника өз кезегінде қаржылық жағдайының нашарлауын сезеді.
Қаржылық шектеу бәрібір болатын жағдай: кез келген денсаулық сақтау жүйесі шектеулі ресурспен жұмыс істейді және ол шығыстарды жоспарлауға тиіс. Мәселе кең ауқымды сақтандыру кепілдігі шарттық көлеммен бірге нақты аяқталғанда және өткен жылғы тұтыну көрсеткіштері болашақ қажеттілікті бағалаудың орнын басқан кезде туындайды. Бюджет лимитін бөлу мен сақтандыру тәуекелін басқару арасындағы шекара дәл осы жерден өтеді.
Қор сақтандырушы ретінде міндеттемелерді мойнына алады, ал медициналық көмек бұрынғыша жылдық қаржылық ресурс шегінде және көбінесе тарихи тұтыну негізінде сатып алынады. Ал жоспарға кірмей қалған қажеттілік бұдан жойылып кетпейді. Пациент үшін бұл кезекте тұрумен, емді кейінге қалдырумен немесе ақылы ем алумен аяқталады; клиника үшін келісімшарттан тыс шығындармен, сызықтық шкаланы қолданумен немесе нақты сұраныс бола тұра қолдағы қуатын қолданбаумен көрінеді.
Қаржылық шектеу қажет: бірде бір денсаулық сақтау жүйесінде шексіз ресурс жоқ. Бірақ өткен жылғы тұтыну қажеттілігі болжам негізіне жатпауы керек, ал келісімшарттағы көрсетілетін көлем шегі көрсетілетін қызметтің нақты шегіне айналмауы керек.
Тарихи деректер ем іздеп келгендердің дерегін ғана емес, мамандар мен құрал-жабдық тапшылығын, қолданыстағы ем мен кеңес беру бағытын, төлем әдістері мен қызмет көрсетушілердің іс-әрекетін де көрсетеді. Егер келесі сатып алуды жоспарлау кезінде осы деректерге басымдық берілсе ескі шектеулер жаңа жоспарда қайта көрініс табады. Жоспардың орындалуы есептеу дәлдігінің дәлелі ретінде қабылданады, ал есепке алынбаған қажеттілік жоспарға енбей қалады.
Мұндай логика қате ынталандыруды да тудырады. Ауруханаға негізсіз жатқызу немесе қайта диагностикадан өту көлемін азайтқан клиниканың келесі жылы көрсететін қызмет көлемі де азаяды. Жоғары тұтыну, керісінше, «қалыптасқан қажеттілік» ретінде бекітіледі. Жүйе медициналық тәуекел мен бұрынғы қолжетімділік және қолданыстағы төлем ережелері арқылы қалыптасқан көлемнің арасын ажыратуды тоқтатады.
Дәл осы құрылым өңірлік және құрылымдық теңгерімсіздіктерді өзгеріссіз сақтайды және көлемнің клиникалық негізделгеніне қарамастан, оның өсуіне қолдау жасайды.
Дәл осы тұста қолжетімділік пен медициналық ұйымдардың кредиторлық берешегі проблемалары түйіседі: егер нақты қажеттілік шарттық көлемнен асып түссе және тариф көмектің объективті құнын көрсетпесе, қаржылық ауыртпалық клиникаға ауысады.
Дағдарыс шарықтау шегінде медициналық ұйымдардың ауыспалы кредиторлық берешегі 111,6 миллиард теңгеден асты. Қаржылай сауықтырудың қатаң шаралары мен тарифтерді нүктелі түрде қайта қарау нәтижесінде 2025 жылдың ортасына қарай оны 98,4 миллиард теңгеге дейін төмендетуге қол жеткізілді, ал 2026 жылдың басына қарай бұл көрсеткішті 75–80 миллиард теңге деңгейінде ұстап тұру мүмкін болды.
Барлық қарыз көлемінің ішінде сыни (мерзімі өткен) берешек шамамен 13,4 миллиард теңгені құрайды. Еліміздегі медициналық ұйымдардың шамамен 28%-ы әлі күнге дейін қаражаттың созылмалы тапшылығымен жұмыс істейді және мерзімі өткен міндеттемелері бар.
Борыш сомасы оның жалпы шығу тарихын толық көрсетпейді. Онда кем дегенде үш түрлі құбылыс араласып кеткен: көлеммен немесе тарифпен жабылмаған негізделген медициналық көмек, есептеулерде көрсетілмеген ресурстардың қымбаттауы; клиниканың ішкі тиімсіздігі.
Қор қазір қарыздың шығу фактісін анықтаудан мәселе туындаған клиника бойынша оның шығу тегін талдауға көшіп жатыр.
Оның нәтижесі қаржылық сауықтырудың атаулы жоспары болады: қажеттіліктің қанағаттандырылмағаны расталған жерде көлемді түзету; тариф пен көмектің негізделген құны арасында объективті алшақтық анықталған жағдайда, Денсаулық сақтау министрлігінің алдында тарифті қайта қарауға бастама көтеру; егер берешек ішкі тиімсіздіктен туындаған болса, басқарушылық шаралар қабылдау.
Тариф МӘМС-тің барлық конструкциясының әділдігі мәселесіне әсер етеді, оны тек бухгалтерлік дәлдікпен шектеуге болмайды.
Медициналық ұйымдармен өтетін әрбір кездесуде тарифтердің жеткіліксіздігі туралы мәселе көтеріледі. Клиникалар көмектің өзіндік құнының өскенін алға тартады; ал мемлекет тарифтерді көтеру тек объектив жетіспеушіліктерді ғана емес, сонымен қатар жеткізушілердің ішкі тиімсіздігін де жабуы мүмкін деп орынды қауіптенеді. Жүйе медициналық қызметтің нақты экономикасын көрмейінше, бұл дауды дәлелді түрде шешу мүмкін емес.
Мәселені басқаша қою керек деп есептеймін: «Қор көп төлей ме, әлде аз ба?» емес, «тариф медициналық көмекті тиімді ұйымдастыру кезіндегі сапалы емдеудің экономикалық негізделген құнына сәйкес келе ме?» деген сұрақ қойылуы тиіс. Мұнда дәлдік маңызды: тарифтерді Қор емес, уәкілетті орган (Денсаулық сақтау министрлігі) өз әдістемесі бойынша белгілейді.
Мұндай есептің бірінші шарты – тарифтің нақты сатып алу қабілетін түсіну. Медициналық инфляция тұтыну инфляциясынан ерекшеленеді: емдеу құны медицина персоналының жалақысының өсу қарқынымен, дәрі-дәрмектердің, импорттық жабдықтар мен шығын материалдарының бағасымен, техникаға қызмет көрсету және коммуналдық қызмет шығындарымен, сондай-ақ валюта бағамымен және клиникалық технологиялардың өзгеруімен анықталады.
2026 жылдың шілде айында Қазақстандағы жылдық инфляция 10,2%-ды құрады, алайда жалпы тұтыну бағаларының индексі де, тіпті денсаулық сақтау саласындағы баға индексі де мемлекет сатып алатын медициналық көмектің өзіндік құнының өзгеруін толық көлемде көрсете алмайды, өйткені мемлекеттік тапсырыс пен медициналық ұйымдардың шығыстарының құрылымы әлдеқайда күрделі.
Қор есептеулерде мемлекеттік медициналық көмек сатып алуға қолданылатын медициналық инфляция индексін қолдана бастады. Онсыз тарифтің нақты өскенін немесе тек номиналды түрде өскенін анықтау мүмкін емес: егер тариф 7% өссе, ал емдеуге қажетті ресурстардың құны 10% өссе, оның сатып алу қабілеті шамамен 3% төмендеді деген сөз.
Дәл осы себепті Қор мен медициналық ұйымдар арасындағы дауда екі тараптың уәжі дұрыс болуы мүмкін: қаржыландыру атаулы түрде өседі, бірақ медициналық көмек көрсетудің нақты құны әлдеқайда жылдам өсуде.
Сонымен қатар, төлем нақты жағдайдың ауырлығын ескеруі тиіс. Базалық клиникалық-шығындық топ орташа пациентті сипаттайды, ал нақты жағдайлар ресурс қажеттілігі бойынша айтарлықтай ерекшеленеді.
Оқшауланған сынығы бар пациент пен политравмасы (көп жері зақымданған) бар пациентті – бас сүйек-ми жарақаты, кеуде қуысының зақымдануы, шок, өкпені жасанды желдету және бірнеше хирургтар бригадасының қатысуын қажет ететін жағдайды салыстыруға болады.
Ресми түрде олар бір травматологиялық профильге жатады және бірдей төленеді, бірақ ресурс көлемі жағынан екеуін бір-бірімен салыстыруға келмейді. Бұл аурухананың тұрақты дайындықта болу шығындарын – жабдықтар амортизациясын, шұғыл қызметтер мен маман даярлауды есепке алмағандағы жағдай.
Ауыр жағдайдағы пациенттен бас тарта алмайтын көпсалалы стационар үшін орташа тариф ең күрделі жағдайларды созылмалы тапшылық пен кредиторлық берешек көзіне айналдырады.
Ұзақ уақытқа созылған қаржылық қысым жеткізушілердің бір бөлігінің мінез-құлқын бұрмалай бастайды және көлемді негізсіз асыра көрсетуге итермелеуі мүмкін. Бұл экономикалық ынталандыруды түсіндіреді, бірақ жалған қызметтерді ақтамайды және құқық бұзушылықтар үшін жауапкершіліктен босатпайды.
Егер ауырлығы әртүрлі жағдайлар үшін шамамен бірдей ақы төленсе, ауыр жағдайдағы пациент клиника үшін қаржылық тұрғыдан «тиімсіз» болып қалады. Сақтандыру жүйесі үшін бұған жол бере алмайды.
Осылайша, тарифтің негізі референтті клиниканың нақты өзіндік құны емес, клиникалық талаптарды сақтау мен ресурстарды тиімді пайдалану кезіндегі стандартты емдеу жағдайының экономикалық негізделген құны болуы тиіс.
Мұндай сәйкестікті бағалау үшін Қорға тарифтің адекват коэффициенті қажет – қолданыстағы тарифтің стандартты емдеу жағдайының экономикалық негізделген құнына қатынасы:
(Тарифтің адекват коэффициенті = қолданыстағы тариф / емдеудің экономикалық негізделген құны).
Мысалы, егер емдеудің негізделген құны 100 мың теңгені құраса, ал тариф – 90 мың теңге болса, коэффициент 0,9-ға тең, ал тарифтік алшақтық – 10%-ды құрайды. Жекелеген қызмет деңгейінде мұндай алшақтық мардымсыз болып көрінуі мүмкін, бірақ жүздеген мың жағдайлар кезінде ол жүйелі сипатқа ие болып, жеткізушілердің мінез-құлқын анықтайды: клиникалар мұны көлемді ұлғайту, жағдайлардың құрылымы мен күрделілігін өзгерту, ішкі өзара субсидиялау, қажетті ресурстарды үнемдеу немесе неғұрлым табысты көмек түрлеріне қайта бағдарлану арқылы өтейді.
Нәтижесінде жеткіліксіз тариф тек қаржылық мәселе болудан қалады – ол ұсыныс құрылымына әсер етіп, бұрмаланған стимулдарды тудырады және сайып келгенде көмектің қолжетімділігі мен сапасына әсер етеді. Тым жоғары тариф те аз қауіп төндірмейді: ол шамадан тыс тұтынуды ынталандырады және ресурстарды салыстырмалы медициналық нәтиже бермейтін бағыттарға бағыттайды.
Объективті есеп айырысу негізін қалыптастыру үшін Qalqan ақпараттық платформасында медициналық ұйымдар бойынша қызметтердің нақты өзіндік құнын, шығындар құрылымын және ауытқу себептерін салыстыруға – көмектің объективті қымбаттауын нақты жеткізушінің тиімсіздігінен ажыратуға және стандартты жағдайды емдеудің экономикалық негізделген құнын анықтауға мүмкіндік беретін аналитикалық модуль қарастырылған.
Болашақта жүйе жекелеген қызмет пен ол үшін жазылған шотты емес, аяқталған жағдайдың бүкіл экономикасын: пациенттің жүйеге қандай медициналық тәуекелмен кіргенін, қандай бағыттан өткенін, қандай көмек алғанын, емдеудің қанша тұрғанын және оның нәтижесі қандай болғанын көруі тиіс. Сонда тариф жеке әрекеттің бағасын емес, негізделген медициналық көмектің құны мен қол жеткізілген нәтижені көрсететін болады.
Демек, тариф саясаты үш өзара байланысты элементке негізделуі тиіс: медициналық инфляцияның объективті индексіне, стандартты емдеу жағдайының экономикалық негізделген құнына және қолданыстағы тарифтің адекваттылық коэффициентіне.
Бұл сатып алу қабілеті шынымен төмендеген жерлерде тарифтерді уақтылы түзетуге және сонымен бірге жекелеген ұйымдардың тиімсіздігін сақтандыру пулына ауыстырмауға мүмкіндік береді.
Тек сонда ғана тариф тұрақты даудың тақырыбы болудан қалып, МӘМС-тің қолжетімділігін, сапасын және қаржылық тұрақтылығын басқарудың толыққанды құралына айналады.
МӘМС даму барысында сақтандыру экономикасына жақсы таныс барлық тәуекелдер көрініс тапты: қолайсыз іріктеу, моральды тәуекел, ақпараттық асимметрия, ынталандырылған сұраныс. Бұл құбылыстар бірегей емес және көптеген денсаулық сақтау жүйелерінде кездеседі.
Қазақстанның ерекшелігі – бұлар бір мезгілде дерлік байқалып, денсаулық сақтау саласындағы бұрыннан бар теңгерімсіздіктермен қабаттасып, бір-бірін күшейте түсті.
Қолайсыз іріктеу жүйеде жоғары тәуекелді шоғырландырады. Моральдық тәуекел мен ынталандырылған сұраныс шығыстарды арттыра түседі. Жылдық лимиттер жүйенің нақты қалыптасқан қажеттілікті төлеу мүмкіндігін шектейді. Қанағаттандырылмаған қажеттілік қаржылық тәуекелдің бір бөлігін пациентке қайта жүктейді, ал сақтандыру мәртебесінің құндылығы төмендеуі тұрақты түрде қатысу ынтасын нашарлатады, бұл пулды қосымша әлсіретеді.
Нәтижесінде экономикалық тұйық конструкция пайда болады: мұнда қосымша қаржыландыру қажет, бірақ ол өздігінен бұл тізбекті үзе алмайды – жаңа ресурстың бір бөлігі қолданыстағы ережелер тудыратын теңгерімсіздіктерді өтеуге жұмсалып кетеді.
Сақтандыру барлық тарапқа әсер етеді. Пациенттің төленген жарна оған медицианалық көмекті дер кезінде алу құқығын береді деп есептеуі әділ. Бірақ белгілі бір қызметті күту оның клиникалық қажеттілігін көрсете бермейді. Негізсіз сұраныс тапшы қуат көздерінің орнын басып, зерттеу немесе талдау расымен қажет болғандардың медициналық қызметті ұзақ күтуіне себеп болады.
Жеткізуші тарап басқа уәжді алға тартады: клиниканың кірісі төленген қызметтердің санына тікелей байланысты болған кезде, олардың көлемін арттыру экономикалық тұрғыдан тиімді. Қызмет үшін төлем жасау жүйесі осылай жұмыс істейді. Бұл жеткізушіні ақтау
Ақпарат көзі