21.08.2026
Қарағандыда МӘМС 2.0 жүйесінің жаңа бағыттары таныстырылды
Қарағандыда МӘМС 2.0 жүйесінің жаңа бағыттары таныстырылды Қарағандыда МӘМС 2.0 жүйесінің жаңа бағыттары таныстырылды Қарағандыда МӘМС 2.0 жүйесінің жаңа бағыттары таныстырылды
<p>
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының орынбасарлары Бахытжан Абдуллаев пен Индира Ерденова Қарағандыда өңірдің медицина қауымдастығымен кездесті. Кездесуде МӘМС жүйесін жаңғырту, «МӘМС 2.0» тұжырымдамасын іске асыру және Qalqan бірыңғай цифрлық платформасын енгізу мәселелері талқыланды.
</p>

Төрағаның орынбасалары өз сөзінде медициналық көмекті қаржыландыру жүйесіндегі негізгі өзгерістерге, алдын ала бақылауға көшу мен өзара іс-қымылды автоматтандыруға егжей-тегжейлі тоқталды.

«МӘМС 2.0 медициналық көмекті қаржыландыру тәсілін түбегейлі өзгертеді. Деректерді тексеру қаражат аударылғанға дейін, шоттарды қалыптастыру кезеңінде автоматты түрде жүргізіледі. Бұл қателерді алдын ала анықтауға, медициналық ұйымдардың қаржылық тәуекелдерін азайтуға және Қормен есеп айырысуды ашық әрі болжамды етуге мүмкіндік береді», — деді Индира Ерденова.

Жаңа тәсіл медициналық ұйымдардың қаржылық тәуекелдерін азайтып, техникалық қателердің алдын алуға және кейін туындайтын даулар мен айыппұл санкцияларын қысқартуға мүмкіндік береді. Бұл ретте Qalqan бірыңғай цифрлық платформасы Қор мен медициналық ұйымдар арасындағы негізгі процестерді автоматтандыратын маңызды құралға айналады.

Qalqan арқылы пациенттер туралы деректер автоматты түрде тексеріліп, шоттар мен актілер қалыптастырылады. Сондай-ақ жүйе техникалық қателер мен адами фактордың әсерін азайтуға бағытталған. Бұл медициналық қызметкерлердің қағазбастылық пен есеп жүргізуге жұмсайтын уақытын қысқартып, негізгі жұмысы – пациенттерге медициналық көмек көрсетуге көбірек көңіл бөлуіне мүмкіндік береді.

Жаңа модель қаржыландыруды бөлу тәсілін де өзгертеді. Енді медициналық көмек көлемі мен қаржыландыру нақты аурушаңдық көрсеткіштері, халық саны мен медициналық ұйымдардың мүмкіндіктеріне қарай айқындалады.

Деректерді тұрақты бақылау мен талдау қаржыландырудағы ауытқуларды дер кезінде анықтауға, сондай-ақ МӘМС қаражатын тиімді әрі мақсатты пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz