13.08.2026
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтіп, МӘМС жүйесін одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.

Медициналық көмекті қаржыландыруды жоспарлау мен тарифтерді жетілдіру мәселелері талқыланған жиынға Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық ғылыми денсаулық сақтауды дамыту орталығының өкілдері шақырылды. Қатысушылар тарифті қалыптастырудағы қолданыстағы тәсілдерді, есептеулердің негізділігін және тариф белгілеу әдістемесін одан әрі жетілдіру жолдарын қарастырды.

Медициналық ұйымдардың бухгалтерлік жүйесін Қордың ақпараттық жүйесімен интеграциялау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Қаржылық және медициналық деректерді біріктіру медициналық қызмет көрсетушілердің нақты шығындарын талдауға, ТМККК мен МӘМС қаражатын пайдалану ашықтығын арттыруға және қаржыландыруды жоспарлау кезінде неғұрлым негізді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар тәуекелге бағдарланған мониторингті дамыту мәселесі қаралды. Медициналық ұйымдарды медициналық, қаржылық және басқарушылық көрсеткіштердің жиынтығы бойынша бағалап, тәуекел деңгейлеріне қарай бөлу жоспарланып отыр. Мұндай тәсіл бақылауды саралауға және алдын алуға бағытталған сипатын күшейтуге мүмкіндік береді.

Отырыста тәуекелдерді анықтау үшін жасанды интеллектті қолдану мүмкіндіктері де қаралды. Қор қазірдің өзінде форматтық-логикалық бақылау жүргізу, жеткізушілердің талап-арыздарын қарау және нормативтік құжаттарды талдау кезінде ЖИ-дің жекелеген құралдарын пайдаланады. Алдағы уақытта медициналық ұйымдардың тәуекел деңгейін автоматты түрде бағалау мен заңбұзушылықтардың орын алу ықтималдығын анықтау жүйесін дамыту жоспарға алынды.

МӘМС жүйесін одан әрі жетілдіру және өзекті мәселелерді талқылау мәселесі Қоғамдық-консультативтік кеңестің алдағы отырыстарында жалғасады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz