03.08.2026
Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды
Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды Қор Qalqan экожүйесін Астананың медицина қауымдастығына таныстырды
<p>
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Астана қаласындағы медициналық ұйымдардың басшылары мен қызметкерлеріне медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, есепке алу, мониторингтеу және оған ақы төлеу процестерін бірыңғай цифрлық контурға біріктіретін Qalqan цифрлық экожүйесін таныстырды.
</p>

Таныстырылым Heart Center Foundation UMC қоғамдық қорымен бірлесіп ұйымдастырылған ашық лекторий аясында өтті.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының орынбасары Индира Ерденова пациенттер, медициналық ұйымдар, медициналық ақпараттық жүйелер мен Қор арасындағы өзара іс-қимылдың болашақ архитектурасын таныстырды.

«Бүгінде медициналық көмекті жоспарлау, сатып алу, көрсетілген қызметтерді есепке алу, мониторингтеу және төлеу процестері оннан астам ақпараттық жүйе арқылы жүзеге асырылады. Деректер әртүрлі платформалар арасында беріледі, ал кейбір мәліметтерді бірнеше рет енгізіп, салыстырып тексеруге тура келеді, оның ішінде қолмен орындалатын жұмыстар да бар», – деді спикер.

Индира Ерденова Qalqan платформасы бытыраңқы процестерді бірыңғай цифрлық экожүйеге біріктіретінін атап өтті. Qalqan медициналық ақпараттық жүйелермен, мемлекеттік деректер базаларымен және басқа ұйымдардың ақпараттық ресурстарымен тікелей интеграцияны көздейді.

«Qalqan – қаржылық-әкімшілік жүйе. Деректер медициналық ақпараттық жүйелерден алынатындықтан, ол медицина қызметкерлеріне қосымша жүктеме түсірмейді. Қаржыландыруға қажетті барлық медициналық деректер қолданыстағы жүйелерден алынады», – деп атап өтті спикер.

Сондай-ақ платформаның пациент профилі, медициналық ұйымның паспорты, кадрлық, инфрақұрылымдық және техникалық ресурстар туралы мәліметтер, медициналық ұйымдар мен дәрігерлердің рейтингтері, сондай-ақ медициналық көмектің құнын есептеу құралдары секілді ішкі модульдері таныстырылды.

«Qalqan жүйесінде медициналық ұйымдардың лицензиялары, шарттары, бөлімшелері, жабдықтары, кадрлық құрамы және географиялық орналасуы туралы деректер қамтылған электрондық паспорттары қалыптастырылған. Пациенттер үшін маңызды ақпарат әрбір нысанға арналған бірегей QR-код арқылы қолжетімді болады», – деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Басқарма Төрағасының орынбасары.

Сонымен қатар азаматтар медициналық ұйымға барған кезде QR-код арқылы барғанын растай алады. Медициналық ұйымға бару және көрсетілген қызметтер туралы ақпарат пациенттің жеке кабинетінде көрсетіледі. Егер мәліметтер нақты алынған медициналық көмекке сәйкес келмесе, пациент бұл туралы хабарлай алады.

Бұдан бөлек, Qalqan жүйесінде медициналық қызметтерді жеткізушілермен өзара іс-қимылдың тәуекелге бағдарланған моделі енгізіледі. Медициналық ұйымдар қаржылық тұрақтылық, медициналық көмектің сапасы, деректердің дұрыстығы, клиникалық тәуекелдер, цифрлық жетілу деңгейі, кадрлық әлеует, инфрақұрылым және шарттық тәртіп сияқты бірнеше бағыт бойынша бір мезгілде бағаланады.

Бағалау нәтижелеріне қарай ұйымдар үш санаттың біріне жатқызылады: Senim – тәуекел деңгейі төмен, Baqylau – тәуекел деңгейі орташа және Qauip – тәуекел деңгейі жоғары. Адал жеткізушілер үшін өзара іс-қимылдың жеңілдетілген тәртібі көзделеді, ал тәуекел деңгейі жоғары ұйымдарға қатысты күшейтілген мониторинг және қосымша тексеру іс-шаралары жүргізіледі.

Лекторийге қатысушылар медициналық ақпараттық жүйелерді интеграциялау, пациенттердің көрсетілген қызметтерді растауы, тәуекелге бағдарланған тәсілді қолдану және Қордың цифрлық сервистерін одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

Qalqan экожүйесін құру денсаулық сақтауды қаржыландыруды цифрлық трансформациялаудың негізгі бағыттарының бірі болып табылады. Платформа қаражатты пайдалану ашықтығын арттыруға, пациенттердің құқықтарын қорғауға, адал медициналық ұйымдарға түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және ТМККК мен МӘМС жүйелерінің ресурстарын неғұрлым тиімді басқаруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Лекторий Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 10 жылдығына арналған іс-шаралар аясында өткізілді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz