16.01.2025
ҚАРЫЗДАР ЖАБЫЛДЫ: ӘМСҚ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ТҰРАҚТАНҒАНЫН ХАБАРЛАДЫ
Қордың медициналық мекемелер алдындағы төлем бойынша берешегі толық өтелді.<br>
Қордың медициналық мекемелер алдындағы төлем бойынша берешегі толық өтелді.

Бұған дейін хабарланғандай, 2024 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық ұйымдарды уақытылы қаржыландыру бойынша қиындықтарға тап болды. Алайда қабылданған жедел шаралардың нәтижесінде жағдай тұрақтандырылды.
2024 жылдың желтоқсанына қарай Қордың медициналық мекемелер алдындағы берешегі толық жабылды. Бұл жалпы кредиторлық қарыз көлемін 133 миллиард теңгеден 74 миллиард теңгеге дейін, яғни 44%-ға азайтуға мүмкіндік берді.

Қор медициналық ұйымдардың қаражатты уақытылы алуын қамтамасыз ету және халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін жұмысын жалғастыруда.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz