1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
РАЗМЕР АВАНСИРОВАНИЯ МЕДОРГАНИЗАЦИЙ УВЕЛИЧЕН ДО 70%

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында халыққа медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдарға берілетін алдын ала төлемді алғаш рет 70%-ға дейін көтергендерін мәлімдеді. Мұндай шаралар медициналық ақпараттық жүйелерді жаңарту кезеңінде емханалардың қаржылық тұрақтылығын қолдау үшін қабылданды.

Қазір ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің мониторингі мен сараптамасы үшін ақпараттық жүйелері пысықталып, Қордың «SAQTANDYRY» ақпараттық жүйесінің төлем бөлігі әзірлену үстінде. Осыған байланысты нақты көрсетілген жұмыстардың аяқталу қорытындысы бойынша медициналық қызметтер қаржыландырылатын болады.

Жағдайды ескере отырып, алдын ала төлем көлемін стандартты 30%-дан 70%-ға дейін, ал медициналық қызметтерді жаңа жеткізушілер үшін 30%-ға дейін (олар бойынша осыған дейін алдын ала төлем берілмеді, төлем жасау мүмкіндігі үшін заңнамаға тиісті өзгерістер енгізілді) арттыру жөнінде шаралар қабылданды.

22 сәуірдегі көрсеткіш бойынша 191 медициналық қызметті жеткізуші 1,6 млрд теңгеден астам сомаға алдын ала төлем алды, – деп хабарлады Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарма төрағасының орынбасары Индира Саркенова.

Сонымен қатар 16 сәуірден 22 сәуірге дейінгі аралықта БСМК, әлеуметтік маңызы бар аурулар, паллиативтік көмек, гемодиализ, жедел медициналық көмек сияқты басым бағыттар бойынша 40%-ға дейін қосымша алдын ала төлем берілді. Барлығы 765 медициналық ұйым шамамен 159,5 млрд теңге алды.

Жалпы алғанда 956 медициналық ұйымға 161,1 млрд теңге қосымша алдын ала төлем төленді.

Осылайша, Қордың 1960 жеткізушісінің 1859-ы немесе 95%-ы алдын ала төлем алды. Қалған 101 медициналық ұйым жаңа жеткізушілер болып табылады және медициналық қызмет көрсетпеулеріне байланысты алдын ала төлем алудан жазбаша бас тартты. Ал төртеуімен келісімшартты бұзу рәсімі басталды.

Медициналық ұйымдарға алдын ала төлемдерді төлеу жұмыстары жалғасуда.

Медициналық көмек алу кезінде қосымша сұрақтар немесе мәселе туындаған жағдайда өз клиникасындағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет.

Егер жағдайды сол жерде шешу мүмкін болмаса, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра алады:
• Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
• fms.kz ресми сайты
• Telegram-дағы @SaqtandyrýBot
• 1414 байланыс орталығы

Сондай-ақ Damumed, Halyk, BCC.KZ, Kaspi.kz мобильді қосымшалары МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексеруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, электронды үкіметтің egov.kz сайтындағы «Денсаулық сақтау» бөлімінде «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында көрсетілетін медициналық қызметті тұтынушы ретінде қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат ұсыну» мемлекеттік қызметі арқылы медициналық сақтандыру жүйесіндегі мәртебені тексеруге және жүргізілген төлемдер туралы ақпарат алуға болады.

23.04.2024
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ПРОЗРАЧНОСТЬ, КОНТРОЛЬ, ЭФФЕКТИВНОСТЬ: ЧТО МЕНЯЕТ  ПЛАТФОРМА QALQAN В СИСТЕМЕ ОСМС
АШЫҚТЫҚ, БАҚЫЛАУ, ТИІМДІЛІК: QALQAN ПЛАТФОРМАСЫ МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ НЕНІ ӨЗГЕРТЕДІ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру бағытында ауқымды цифрлық жаңғырту басталғанын жариялады. Трансформацияның негізгі құралына айналған Qalqan платформасы «МӘМС 2.0» моделінің технологиялық негізі ретінде енгізілуде.
24.04.2026
ЕЖЕГОДНЫЙ ВНУТРЕННИЙ АНАЛИЗ КОРРУПЦИОННЫХ РИСКОВ ПРОВЕДУТ В ФОНДЕ
ҚОРДА ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ІШКІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ осы жылдың 29 сәуірінен бастап Қор қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жоспарланып отырғанын хабарлайды.
15.04.2026
НЕСВОЕВРЕМЕННЫЕ ПЛАТЕЖИ В ОСМС: ПОЧЕМУ ВАЖНО СОБЛЮДАТЬ СРОКИ
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕГІ ТӨЛЕМДЕРДІ УАҚТЫЛЫ ТӨЛЕМЕУ: МЕРЗІМДІ САҚТАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтардың МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуінің негізі – аударымдар мен жарналарды уақтылы төлеудің маңыздылығын еске салады.
15.04.2026
Барлығын қарау
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу