1414
kk
kk ru
Нашар көретіндер нұсқасы
Қоғамдық консультативтік кеңес

ХАБАРЛАНДЫРУ


Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі және дамуы мәселелері бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Қоғамдық-Консультативтік кеңесінің құрамын қалыптастыру туралы.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ 2026 жылға арналған міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелері жөніндегі Қоғамдық-Консультативтік кеңестің құрамын қалыптастырудың басталғаны туралы хабарлайды.
Қоғамдық-Консультативтік кеңес қызметін қоғамдық негізде жүзеге асыратын және Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша Қордың азаматтық қоғам, кәсіби және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
Қоғамдық-Консультативтік кеңестің құрамына кандидатураларды қоғамдық бірлестіктер, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіптік одақтар, кәсіпкерлік субъектілері, мемлекеттік органдар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну жолымен ұсына алады.
Кандидатураны қарау үшін Қоғамдық-Консультативтік кеңестің құрамына енгізу туралы өтінішті белгіленген нысан бойынша электрондық мекенжайға жіберу қажет: a.otarbay@fms.kz
Қоғамдық-Консультативтік кеңестің сандық құрамы 15 адамнан аспайды. Кеңес мүшелерінің өкілеттік мерзімі-бір күнтізбелік жыл.
Қоғамдық-Консультативтік кеңестің құрамын қалыптастыру нәтижелері «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ ресми интернет-ресурсында орналастырылатын болады.

Байланыс тұлғасы:
Отарбай Айгерім Үйсінғалиқызы
Басқарма бастығы
Стратегия және жобаларды басқару орталығы
Тел.: +7 (7172) 67-46-74 (Ішкі нөмірі: 2609)

Өтініш нысаны қоса беріледі.

Қоғамдық-Консультативтік кеңес азаматтардың сенім деңгейін, сондай-ақ әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға ықпал ете отырып, МӘМС жүйесі мәселелерінде жұртшылықтың пікірін білдіреді

Қоғамдық-Консультативтік кеңес қоғам атынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін жетілдіру үшін ұсынымдар әзірлейді

Қоғамдық-Консультативтік Кеңестің құзыретіне МӘМС жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы мәселелері, сондай-ақ Қоғамдық-Консультативтік Кеңес туралы ережеде айқындалған басқа да функциялар кіреді

Қоғамдық-Консультативтік кеңестің құрамына коммерциялық емес және үкіметтік емес ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіптік одақтардың өкілдері, кәсіпкерлер, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының өкілдері, депутаттар және басқалар кіреді
Өтініш формасы
257.67 KB
Жүктеп алу
Қоғамдық-Консультативтік Кеңес туралы ереже
173.61 KB
Жүктеп алу
Қоғамдық-Консультативтік кеңестің құрамы
474.58 KB
Жүктеп алу
Қоғамдық-Консультативтік кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспары
21 030.96 KB
Жүктеп алу
Өтініш беру МӘМС калькуляторы Іздеу