Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
09.11.2026
МӘМС бойынша артық төленген төлемдерді қалай қайтаруға болады?
Медициналық сақтандыру бойынша артық төленген жарналарды қайтарғыңыз келе ме? Өтініш бермес бұрын бірнеше маңызды жайтты ескергеніңіз жөн.

МӘМС бойынша артық төленген төлемдерді қайтарғыңыз келе ме? Өтініш бермес бұрын бірнеше маңызды жайтты тексеріңіз.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» заңға сәйкес, артық төленген төлемдерді алдыңғы кезең үшін берешек болмаған жағдайда қайтаруға болады.

Сондықтан алдымен төлемдер тарихын тексеріңіз. Мұны eGov порталында жасауға болады. ЭЦК арқылы кіріп, МӘМС төлемдері туралы мәліметтерді алыңыз. Төлем кезеңдері мен сомаларды тексеріңіз.

Берешек болмаса, төлемді қайтаруға өтініш бере аласыз.

Өтінішті толтырған кезде қайтару себебін, төлем деректемелерін, сомасын және төлем кезеңін мұқият тексеріңіз.

Қайтару себебін қалай таңдау керегін білмесеңіз, Қор сайтындағы әдістемелік ұсынымдармен танысыңыз. Онда қайтарудың негізгі себептері және әр жағдайға қажетті құжаттар көрсетілген.

Маңызды: өтініш белгіленген нысан бойынша толтырылып, түпнұсқада ұсынылуы тиіс. Егер төлем үшінші тұлға үшін жасалса, қаражатты қайтаруға келісімнің де белгіленген нысандағы түпнұсқасы қажет болады.

Алдыңғы өтінішіңіз бойынша бас тарту жауабын алсаңыз, қайта жүгіну үшін оның себептерін жойып, құжаттардың толық топтамасын қайта жинау маңызды. Өтінішті және қажет болған жағдайда қайтаруға келісімді де түпнұсқада ұсыну керек.

Берешекті тексеріп, өтінішті мұқият толтырыңыз және барлық құжатты дайындаңыз. Бұл қателерді болдырмауға және өтінішіңізді қарауды жеделдетуге көмектеседі.



Ақпарат көзі

www.msqory.kz