Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға кімдер құқылы?
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне Қазақстан азаматтары, қандастар, сондай-ақ елде тұрақты тұратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар қатысады.
Сонымен қатар жүйеге Қазақстанда уақытша болатын ЕАЭО елдерінен келген еңбекші көшіп келушілер және олардың отбасы мүшелері кіреді. Олар – бірге тұратын жұбайы мен балалары.
МӘМС жүйесінде медициналық көмек алуға өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төленетін адамдар құқылы. Мысалы, жұмыскерлер, жеке кәсіпкерлер немесе жеке практикамен айналысатын адамдар, дербес төлеушілер, сондай-ақ жеңілдік санатындағы азаматтар.
Өздері үшін МӘМС аударымдары және (немесе) жарналары төленетін адамдар
• жұмыскерлер;
• жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар;
• арнаулы салық режимін қолданатын өзін-өзі жұмыспен қамтығандар;
• салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын адамдар;
• дербес төлеушілер;
• жеке көмекшілер;
• жарналарын мемлекет республикалық және жергілікті бюджеттерден төлейтін жеңілдік санатындағы азаматтар.
Жеңілдік санаттары:
• балалар;
• жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
• үш жасқа дейінгі баланы тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін адамдар;
• мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған, мемлекеттік жәрдемақы алатын және жұмыс істемейтін адамдар;
• бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын, мемлекеттік жәрдемақы алатын және жұмыс істемейтін адамдар;
• зейнетақы төлемдерін алушылар;
• «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталған көпбалалы аналар;
• мүгедектігі бар адамдар;
• күндізгі оқу нысанында оқитын студенттер;
• жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
• Қазақстан заңнамасында көзделген басқа да санаттар.
Сондай-ақ жарна төлеуден босатылған азаматтар санаттары бар. Оларға әскери қызметшілер мен күштік ведомстволардың қызметкерлері жатады.
МӘМС жарналарын төлеуден босатылған адамдарға мыналар жатады:
• әскери қызметшілер;
• арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлері;
• құқық қорғау органдарының қызметкерлері;
• азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері.
Ақпарат көзі