Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
22.10.2026
Қазақстандықтар бір айда 40 миллиард теңгеге тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етілді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырады. Ал дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдарға сатып алу және жеткізуді Қормен шарт жасасқан бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС жүзеге асырады.

2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 348,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 190,5 млрд теңге кепілдендірілген көлем шеңберінде, ал 158,2 млрд теңге сақтандыру жүйесі бойынша бағытталған.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, «СК-Фармация» халыққа таратылған дәрі-дәрмектер бойынша төлем жасауға қажетті құжаттарды Қорға ұсынады. Қор ұсынылған мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы салыстырып-тексеріп, белгіленген тәртіппен төлем жүргізеді.

2026 жылғы 20 қазандағы жағдай бойынша елімізде жалпы құны 253,7 млрд теңге болатын дәрі-дәрмекпен шамамен 3,5 млн адам қамтамасыз етілді, бұл өткен аймен салыстырғанда 39.9 млрд теңгеге көп.

Бұдан кейінгі төлемді Қор белгіленген төлем тәртібіне сәйкес «СК-Фармация» ЖШС ұсынған жиынтық тізілімдер негізінде жүргізеді.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz