Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
19.10.2026
МӘМС төлемін дұрыс төлеп, қате төлемге қалай жол бермеуге болады?
МӘМС төлемін жасағанда қандай деректерді тексеру керек? «Керек дерек» айдарында төлем мақсатының кодын дұрыс таңдап, қателерге жол бермеу туралы түсіндіреміз.

МӘМС төлемін жасау кезінде жиі кездесетін қателердің бірі төлем мақсатының кодын, яғни ТМК-ны қате таңдаумен байланысты.

Төлем дұрыс есепке алыну үшін оны кім төлейтінін және ол қандай төлем түрін таңдайтынын түсіну маңызды.

Егер сіз жұмыс беруші ретінде жұмыскерлерге төлем жасасаңыз, аударымдар мен жарналарды ажырату керек. Жұмыс берушінің аударымдары үшін ТМК 121, ал жарналар үшін ТМК 122 қолданылады.

Егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз және өзіңіз үшін жарна төлесеңіз, ТМК 122 қолданыңыз.

Дербес төлеушілер де өздері үшін МӘМС жарналарын төлеп, ТМК 122 таңдайды.

ТМК-ны қате таңдау төлемді есепке алуда және сақтандырылған мәртебесін анықтауда қатеге әкелуі мүмкін.

Төлем жасамас бұрын толтырылатын барлық жолды тексеріңіз: төлемді кім жасайды, аударым ба, әлде жарна ма? ТМК-ның, ЖСН-ның және төлем жасалатын кезеңнің дұрыстығын қайта тексеріңіз.

Бұл төлемді дұрыс есептеуге және оны қайтарып, төлемді қайта жасамауға көмектеседі.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры – әрбір жанға қамқорлықпен!

Ақпарат көзі

www.msqory.kz