Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
19.10.2026
Денсаулық сақтау жүйесінің өзегінде адам тұр: кім неге жауапты?

Адам денсаулығы – денсаулық сақтау саласындағы басты құндылық. Әрбір есептің, көрсеткіш пен қаржылық үдерістің артында сапалы көмекке мұқтаж пациент пен сол көмекті көрсететін дәрігер тұр.

Қазақстанда медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесін көтеру, қорғалуын күшейту мен еңбек жағдайын жақсарту бағытында жұмыс жалғасуда. Сонымен қатар медициналық көмекті ұйымдастыру мен қаржыландыру тәсілдері жетілдірілуде. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жұмысын цифрландыру, соның ішінде Qalqan платформасын енгізу міндеттерінің бірі – дәрігер пациентке көбірек уақыт бөлуі үшін әкімшілік жүктемені азайту.

Бұл өзгерістердің ортақ мақсаты – қолжетімді, сапалы әрі қауіпсіз медициналық көмек. Осы мақсатқа жету үшін жүйенің әрбір қатысушысы өз міндетін орындауы, ал пациент нақты жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын білуі маңызды.

Талдау нәтижелерін кім түсіндіреді? Дәрігердің қабылдауына жазыла алмасаңыз, медициналық көмек үшін ақы төлеуді талап етсе немесе емнің сапасына күмән туса, қайда жүгіну керек? Қор кез келген адам тап болуы мүмкін жағдайлар туралы карточкалар топтамасын дайындады. Түсінікті мысалдармен дәрігердің, емхананың, пациентті қолдау қызметінің, Қор мен мемлекеттік органдар не үшін жауап беретінін түсіндіреміз.

00 Cover_Who is who_kaz.png

01_Slide_Who is who_kaz.png

02_Slide_Who is who_kaz.png

03_Slide_Who is who_kaz.png

04_Slide_Who is who_kaz.png

05_Slide_Who is who_kaz.png

06_Slide_Who is who_kaz.png

Ақпарат көзі

www.msqory.kz