Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
12.10.2026
«МӘМС: керек-дерек». Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылады?
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар МӘМС жүйесінде қалай сақтандырылады?
2026 жылдан бастап оларған арнайы салық режимі енгізілді. Табыстың небәрі 1%-ы МӘМС жарнасына бағытталады.
Жаңа «МӘМС: керек-дерек» айдарында толығырақ түсіндіреміз!


2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арнайы салық режимі енгізілді.

Оны кімдер қолдана алады?

• жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген;

• қызметкер жалдамай өз бетінше жұмыс істейтін;

• рұқсат етілген қызмет түрлерінің бірі бойынша танымал тұрмыстық немесе цифрлық қызметтер көрсететін, мысалы такси қызметі, жеткізу, жөндеу;

• айына 300 АЕК-тен аспайтын табыс алатын жеке тұлғалар:

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеудің жеңілдетілген тәртібі қарастырылған.

Әлеуметтік төлемдердің жалпы мөлшері алынған табыстың 4% құрайды. Бұл сома әлеуметтік аударымдарға, міндетті зейнетақы жарналарына, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына және МӘМС жарналарына тең бөлінеді.

Дәл осы МӘМС-ке 1% төлеу міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға және «Сақтандырылған» мәртебесін алуға мүмкіндік береді.

Төлемдерді тиісті айда алынған табыстан ай сайын төлеу қажет екенін есте ұстаған жөн.

МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді Telegram-дағы SaqtandyryBot арқылы, Қор сайтынан немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасынан тексеруге болады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz