Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
05.10.2026
Керек дерек: ұзақ демалыстан кейін жұмысқа шықтыңыз ба? МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріңіз
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры «МӘМС: керек дерек» жаңа айдарын іске қосты. Бөлімже Қор қызметкерлері өзекті сұрақтарға жауап беріп, алгоритмдер мен ережелерді қарапайым әрі түсінікті тілде түсіндіріп отырады.
Алғашқы жазбада ұзақ демалыстан кейін жұмысқа шыққанда МӘМС жүйесіндегі мәртебені тексерудің маңыздылығы туралы айтамыз.

Егер ақылы еңбек демалысыңыз бір күнтізбелік айдан артық созылса, жұмысқа шыққаннан кейін міндетті түрде МӘМС жүйесіндегі мәртебеңізді тексеріңіз.

Кейде ресми түрде жұмысын жалғастырып жүрген және еңбек өтілі ұзақ қызметкер өзінің «Сақтандырылған» мәртебесінің дұрыс көрсетілмейтінін байқап қалуы мүмкін. Оның себептерінің бірі ұзақ демалыс кезінде жұмыс берушінің МӘМС бойынша төлемдерді дұрыс аудармауы.

Заң бойынша жұмыс беруші қызметкерлерге МӘМС жарналары мен аударымдарын ай сайын есептеп, аударуға міндетті.

Алайда ұзақ ақылы еңбек демалысы кезінде демалыс ақысына есептелген төлемдер демалыстың тиісті айларына дұрыс бөлінуі керек.

Сондықтан ұзақ ақылы еңбек демалыстан кейін МӘМС жүйесінде «Сақтандырылған» мәртебесі болмаса, демалыс кезеңіндегі МӘМС жарналарының дұрыс аударылғанын тексеру үшін жұмыс берушінің бухгалтериясына хабарласыңыз.

Медициналық көмекке жүгінген кезде шектеулер болмауы үшін мәртебеңізді алдын ала тексеріп алыңыз.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz