Төленді
Жеңілдік кезеңі
Төленбеген
Төлем күтілуде
Платеж за январь
Платеж за март
Всего за 2 месяца
Платеж за декабрь
Всего за 1 месяц
История поиска
Результаты поиска (0)
Отсутствуют результаты поиска
С 71. Хордома левой височной доли с распространением в левую нижнюю парафарингиальную хону, скат и среднюю часть турецкого седла, билатерально верхнюю левую зону решетчатой кости на уровне середины черепной ямки слева, с деструкцией левой скуловой кости, ската и решетчатой кости слева. Состояние после оперативного лечения. S4R4. 4 курса полихимиотерапии (герминогенная опухоль ЦНС). 2 клиническая группа. Соп. диагноз: ОС экзофтальм. Парез отводящего нерва. ОИ ангиопатия сетчатки. Функциональная гиперпролактинемия. Вторичная кардиопатия СН ФК 0
Пролечен в зарубежной клинике
211627555859
29.07.2021, 16:50:59
Гүлмира Сабденбек: дәрігер қызмет емес, медициналық көмек көрсетуі керек
Ресми қосымшаны жүктеп барлық медициналық сақтандыру қызметіне оңай қол жеткізіңіз!
«Медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесі – ұлттық қауіпсіздік факторы» тақырыбындағы дөңгелек үстелде Қор Басқармасының төрағасы Гүлмира Сабденбек денсаулық сақтау жүйесінде «медициналық көмек» ұғымына негізгі басымдық беруді ұсынды.
«Медицина қауымдастығы үшін де, 10 жылдан астам уақыт дәрігер болып жұмыс істеген адам ретінде мен үшін де бұл өзгерістерді қарапайым медицина қызметкерлерінің нақты сезінуі маңызды. Сондықтан өзгерісті ұғымдардан бастау керек. «Медициналық көмек» ұғымы денсаулық сақтау жүйесінің негізінде тұруы тиіс. Медицинаға тек ақы төленетін қызметтер жиынтығы ретінде қарамай, оны адамға көмек көрсету жүйесі ретінде қабылдауымыз қажет. Ал медициналық қызмет өз мәнінде есепке алу мен есеп айырысу бірлігі ретінде қарастырылуы керек», – деді Гүлмира Сабденбек.
«Медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесі – ұлттық қауіпсіздік факторы» тақырыбындағы дөңгелек үстел Құрылтай депутаты Дана Медеуованың бастамасымен ұйымдастырылды.
«Әділет» партиясының пікірталас алаңында ҚР Құрылтай депутаттары, министрліктер өкілдері мен медицина қауымдастығының қатысуымен медицина қызметкерінің кәсіби мәртебесіне қатысты заң жобасына ұсынылатын өзгерістер талқыланды.
Гүлмира Сабденбек медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған шаралардың нақты нәтиже беріп, олардың өздері үшін сезілетіндей болуы қажет екенін атап өтті.
Спикер өз сөзінде медицина қызметкері еңбек міндеттерін орындау кезінде денсаулығына зиян келген немесе қаза болған жағдайда берілетін қолданыстағы кепілдіктерді жеке қарастырып, олардың тиімділігін бағалау қажеттігін айтты. Ал, пациент алдындағы жауапкершілікті сақтандырудың мақсаты басқа болғандықтан, ол медицина қызметкерін қорғауды алмастыра алмайды.
Осыған байланысты Қор Басқармасының төрағасы жасанды интеллектіні пайдалану және орта буын медицина қызметкерлерінің рөлін кеңейту арқылы дәрігерлердің бюрократиялық жүктемесін азайтуды ұсынды. Бұл дәрігерге кәсіби міндеттеріне және пациентке көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Медицина қызметкерлерін құқықтық қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Спикер дәрігерлік қате мен салғырттықты ажырату қажеттігін атап өтті. Оның пікірінше, дәрігерлік қателерді қылмыстық жауапкершіліктен босату (декриминализациялау) және клиникалық аудит пен сақтандыру жүйесі шеңберінде талдау қажет. Бұл олардың қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Ал саналы түрде жасалған құқық бұзушылықтар заңнамаға сәйкес жауапкершілікке әкелуі тиіс.
Сонымен қатар медициналық көмектің сапасын арттыру, кәсіби стандарттарды жетілдіру, медициналық практикаға жіберу мен медициналық этика мәселелерінде кәсіби медициналық қауымдастықтың рөлін күшейту ұсынылды.
Дәрігерлердің қаржылық және әкімшілік жүктемесін азайту үшін МӘМС 2.0 аясында Qalqan жүйесінде медициналық қызметтерді клиникалық кодтар бойынша автоматты түрде бөлу тетігі қарастырылуда.
«Дәрігер медициналық көмектің ТМККК немесе МӘМС есебінен төленетіні туралы емес, ең алдымен пациент туралы ойлауы керек», – деп атап өтті Гүлмира Сәбденбек.
Бұдан бөлек, тарифтерді есептеу кезінде жағдайдың күрделілігі, дәрігердің біліктілігі мен еңбек жағдайына қарай дәрігердің жұмсайтын уақыты да жеке ескерілуі тиіс.
Ұсынылып отырған шаралар медицина қызметкерлеріне дәрігердің негізгі назарын пациент пен медициналық көмектің сапасына аударуға мүмкіндік беретін жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі