Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
30.09.2026
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында МӘМС жүйесін жетілдіру мәселелері талқыланды
2026 жылғы 24 қыркүйекте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің кезекті отырысы өтті.

2026 жылғы 24 қыркүйекте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің (ҚКК) кезекті отырысы өтті. Қатысушылар дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыруды жетілдіру, медициналық ұйымдардың қызметін цифрлық бақылау, медициналық қызметтер сапасына тәуелсіз сараптаманы дамыту, Қордың жекелеген функцияларын орталықтандыру, сондай-ақ МСАК ұйымдарының қызметін алуға (медициналық-санитарлық алғашқы көмек) халықтың еркін тіркелу әсері мәселелері қарастырды.

Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру лимиттерін қалыптастыру тәсілдерін жетілдіру қарастырылған басты мәселелердің бірі болды.

Белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін медициналық ұйымдардың қызметін анықтауға және алдын алуға ерекше назар аударылды. ҚКК мүшелері медициналық қызметтер көлемін бөлуге цифрлық бақылауды күшейтуді, критерийлердің ашықтығын қамтамасыз етуді және бақылау процедураларын автоматтандыру деңгейін арттыруды ұсынды.

Қорды цифрлық трансформациялау шеңберінде жекелеген функцияларды орталықтандырудың және стандартталатын процестерді Qalqan цифрлық контурына көшірудің мақсатты моделі ұсынылды, бұл басқарудың ашықтығы мен тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұдан бөлек, қатысушылар МСАК ұйымдарының қызметін алуға халықтың еркін тіркелу әсері, медициналық ұйымдардың жүктемесі мен жан басына шаққандағы кешенді нормативтің (ЖКН) қаржыландыруға тигізетін әсерін талқылады.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz