Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
24.09.2026
Қор медициналық көмекті қаржыландыруға 1,78 трлн теңге бағыттады
2026 жылғы 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмек көрсетушілерге ТМККК және МӘМС шеңберінде 1,6 трлн теңге аударды. Оның ішінде 1 трлн теңгеден астам көрсетілген медициналық көмекке ақы төлеуге, ал 731,8 млрд теңге медициналық ұйымдарды аванстауға бағытталды.

Ақы төлеуге жалпы сомасы 1,391 трлн теңгені құрайтын медициналық қызмет көрсету актілері қабылданды. 

Аударылған авансты ескере отырып, қаржыландырудың жылдық жоспарының орындалуы шамамен 60%-ды құрайды.

Жыл басынан бері есеп айырысу мерзімдеріне нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер, деректерді ұсыну, сондай-ақ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерінің техникалық дайындығы әсер етті. Медициналық ұйымдарды үздіксіз қаржыландыруды қамтамасыз ету мақсатында Қор қосымша аванстау, актілерді ішінара жабу және жетіспейтін деректерді қолмен жүктеу тетіктерін қолданды.

Кезеңдерді мерзімнен кешіктіріп жабу жыл сайынғы мәселе екенін атап өткен жөн. Мәселен, 2025 жылы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша жылдық жоспардың орындалуы 59,7%-ды, ал 2024 жылы 60,7%-ды құраған.

Qalqan бірыңғай цифрлық төлем контурына көшу кезеңдерді жабу мерзімдерінің жүйелі түрде кешігу мәселесін шешудің тиімді жолы болып табылады. Платформа төлем жүргізілгенге дейін деректердің толықтығы мен дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Актілерді кезең-кезеңімен қалыптастыру тетігі медициналық қызметтердің жекелеген түрлері бойынша расталған көлемдерге ақы төлеуді актінің толық көлемде жабылуын күтпей жүзеге асыруға мүмкіндік береді. 23 қыркүйектегі жағдай бойынша Qalqan жүйесі арқылы жалпы сомасы шамамен 6,2 млрд теңге болатын алғашқы төлемдер жүргізілді.

Қордың жеткізушілері болып табылатын медициналық ұйымдар үшін ЕСОМП ақпараттық жүйесінде тұрақты түрде жаңартылып отыратын арнайы бөлім құрылды. Онда техникалық жұмыстар, төлемдердің кешіктірілу себептері және Қордың төлемдерді жедел жүргізу бойынша қабылдаған шаралары туралы ақпарат ұсынылған.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz