Қаріп өлшемі:
Түстер:
Интервал:
Суреттер:
23.09.2026
Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен 3,5 млн адам қамтамасыз етілді
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры халықты амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырады. Ал дәрі-дәрмектерді медициналық ұйымдарға сатып алу және жеткізуді Қормен шарт жасасқан бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС жүзеге асырады.

2026 жылы амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге 348,7 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 190,5 млрд теңге ТМККК шеңберінде, ал 158,2 млрд теңге МӘМС жүйесі бойынша бағытталған.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, «СК-Фармация» халыққа таратылған дәрі-дәрмектер бойынша төлем жасауға қажетті құжаттарды Қорға ұсынады. Қор ұсынылған мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы салыстырып-тексеріп, белгіленген тәртіппен төлем жүргізеді.

2026 жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша елімізде амбулаториялық дәрі-дәрмекпен шамамен 3,5 млн адам қамтамасыз етілді. Оларға жеткізілген дәрі-дәрмектердің жалпы құны 213,8 млрд теңгені құрады.

Қазіргі уақытта Қор 2026 жылғы қаңтар–маусым айларында төлемге ұсынылған 108,4 млрд теңге сомасындағы шоттар бойынша төлемдерді жүргізді.

Алдағы төлемдер Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығынан шоттарды салыстырып-тексеру үшін қажетті мәліметтер келіп түскеннен кейін, төлем жүргізудің белгіленген тәртібіне сәйкес жүргізіледі.

Ақпарат көзі

www.msqory.kz